Ақпарат

         Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Қарағайлы және Башкөл ауылдарына орталықтандырылған су құбыры желісі тартылған. Ауыз суды пайдаланғаны үшін төлем «Қазпошта» арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылдың шілде айында Қарағайлы ауылындағы ескі су мұнарасына сорғы сатып алынып, ескі су құбыры қосымша қосылды.

Башкөл ауылының су құбыры желісі бойынша ауыл көшелеріне 17 колонкалар  орнатылған, оның ішінде 15 жұмыс істейді, 2 - жұмыс істемейді. 2023 жылы Башкөл ауылының су құбыры желісін қайта жаңғырту, жобалық-сметалық құжаттарын дайындау мәселесі көтеріліп, алдағы жылға жүзеге асыру қарастырылды.

Тұрғындар Бөкебай ауылындағы БМС-ны қосу мәселесін көтеріп, құжаттары рәсімделіп, БМС аудан әкімдігінің балансына берілді. Алдағы 2024 жылға аудандық бюджеттен БМС қосуға қаражат бөлінді.

Округ бойынша  барлығы 146 көше шамдары орнатылған. Оның ішінде Қарағайлы ауылының 4 көшесінде жалпы ұзындығы 7100 метр болатын 92 дана көше жарығы орнатылған. 2023 жылдың сәуір айында «Қарағайлы ауылында көше шамдарын орнату» жобасы жүзеге асырылып, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың үш көшесіне 38 шам орнатылды, жобаның сомасы -5108,320 мың теңгені құрады.  Башкөл ауылында ұзындығы 930 м екі көшеге 21 көше шамы, Бөкебай ауылында ұзындығы 400 метр болатын екі көшеге 12 шам орнатылған.

Дата публикации
05 марта 2024