Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді.
Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.
27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
Келісімнің қабылдану тарихы
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Оған сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Одақ елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде қалыптастырады, сақтайды және іске асырады. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшінің 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақтаған еңбек өтілі үшін ұлттық заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындайды.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.
Еңбек шартын жасасудың қажеттілігі туралы
ЕАЭО елдерінің аумағында жұмыс күшінің еркін қозғалысы – Одақтың негізгі артықшылықтарының бірі. Оған мүше мемлекеттердің азаматтары басқа ЕАЭО елдерінің аумағында еңбек қызметін жұмыс істеуге рұқсат немесе патент алмай-ақ жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, өзге мүше мемлекетте жұмыс істейтін ЕАЭО азаматы жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен бірдей еңбек кепілдіктерін пайдалануға құқылы.
Алайда жұмыс істеу үшін арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдеу талап етілмегенімен, бұл еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдемеуге болады дегенді білдірмейді. Азаматтың өз құқықтарын толық іске асыруы үшін еңбек қатынастарын растайтын құжаттары болуы шарт. Мұндай негізгі құжаттарға жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты немесе қызмет көрсету туралы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жатады. Ауызша келісімдер жұмыскердің құқықтарын жеткілікті деңгейде қорғай алмайды. Мәселен, жұмыс беруші еңбек жағдайларын өзгертіп, жалақы төлеуді кешіктіруі немесе азаматтың еңбек шарты негізінде жұмыс істемей, тек бір реттік тапсырмаларды орындаумен шектелгенін алға тартуы мүмкін. Ал жазбаша жасалған шарт жұмыс берушінің кім екенін, азаматтың қандай жұмыс атқарғанын, оған қанша мөлшерде ақы төленуге тиіс болғанын және тараптардың өздеріне қандай міндеттемелер алғанын нақты айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ресми түрде жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін жұмыс берушілер жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сол елдің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын аударуға міндетті болады.
Бұл ретте жұмыскерге еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібін алдын ала нақтылап алған жөн. Өйткені әр елде шарт жасасу қағидалары, оның нысаны және мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртібі әртүрлі болуы мүмкін.
Келісімнің Қазақстанда іске асырылуы
Қазақстан Республикасында Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қалыптастырылған зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлік жасқа толуы немесе бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленуіне байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасының азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында белгілі бір уақыт (мысалы, 3-5 жыл) еңбек қызметін жүзеге асырса, сол елдің зейнетақы заңнамасында көзделген талаптарға (зейнеткерлік жасқа толу, қажетті еңбек өтілінің болуы) сәйкес зейнетақы алу құқығы туындаған кезде, оған аталған мемлекетте жинақтаған еңбек өтілі үшін сол ел зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматы зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттарымен бірге өтінішті ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға беруге құқылы.
Еңбекшіге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.
Құзыретті органдар
Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар қатарына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жатады.
БЖЗҚ цифрлық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарының төленуі туралы деректер негізінде 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтілі жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ Келісім шеңберінде төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
Толық ақпаратпен enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады.
1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет.
Келісімнің іске асырылуы бойынша сандық көрсеткіштер
Келісім қолданыста болған кезеңде (01.01.2021ж. бастап 30.09.2026ж. дейін):
Оның ішінде:
|
ЕАЭО-ға мүше мемлекет |
Төлем түрі |
Алушылар (еңбекшілер) саны |
|
Армения Республикасы |
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты |
11 |
|
Беларусь Республикасы |
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты |
22 |
|
Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем |
4 |
|
|
Қырғыз Республикасы |
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты |
4 |
|
Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем |
5 |
|
|
Ресей Федерациясы |
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты |
306 |
|
Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем |
26 |
Оның ішінде:
|
ЕАЭО-ға мүше мемлекет |
Зейнетақы түрі |
Алушылар (еңбекшілер) саны |
|
Қырғыз Республикасы |
Жасына байланысты |
3 |
|
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша |
3 |
|
|
Ресей Федерациясы |
Қарттық бойынша |
31 |
|
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша |
1 |
|
|
Мүгедектігі бойынша |
1 |
Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, іске асыра алады. Бұл – Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
Жеке куәлікті жаңарту, автокөлікті тіркеу, пәтерге меншік құқығын рәсімдеу немесе жүргізуші куәлігін алу – Абай облысының тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) көбіне осы қызметтер бойынша жүгінеді. 2026 жылдың сегіз айында өңірдің ХҚКО-лары арқылы шамамен 19 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ең сұранысқа ие бағыттардың бірі – жеке басты куәландыратын құжаттарды беру және ауыстыру. Есепті кезеңде өңір тұрғындарына паспорттар мен жеке куәліктерді беру бойынша шамамен 5,3 мың қызмет көрсетілді. Құжаттар белгіленген жасқа толуына, жеке деректердің өзгеруіне, құжаттың жоғалуына немесе жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты рәсімделіп, ауыстырылады.
Өтініштердің едәуір бөлігі көлік құралдарын тіркеуге қатысты. Сегіз ай ішінде шамамен 4,2 мың автокөлік тіркелді. Сонымен қатар ХҚКО-ларда көлік құралдарын қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу қызметтері де көрсетіледі.
Тағы бір сұранысқа ие бағыт – жылжымайтын мүлік. Жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша шамамен 2,8 мың қызмет көрсетілді. Бұл рәсім тұрғын үйді және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, сыйға тарту немесе мұраға алу сияқты мәмілелер кезінде қажет.
Жүргізушілерге арналған қызметтер де сұранысқа ие. Сегіз айда шамамен 900 жүргізуші куәлігі берілді. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу бойынша шамамен 400 өтініш тіркелді.
Өтініштердің басым бөлігі Семей қаласына тиесілі. Қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының ішінде №2 ХҚКО ерекше сұранысқа ие. Мұнда тұрғындар ең көп таралған бағыттар бойынша мемлекеттік қызметтерді ала алады.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялауға және оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.
Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз алаңын және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруды және таратуды жүзеге асыра алмайды.
Үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мынадай электрондық пошта мекенжайларына жолдауға болады: beskaragay.tik@mail.ru.
2026 жылғы 13 қазанда әдеп жөніндегі уәкіл Ернұр Сұлтанов мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілермен, яғни Егеубаева Алмагуль Габулрафиковна - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы және Қапаров Ернар Еркінұлы - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары, қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық нормалары, мемлекеттік қызмет туралы заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау, дөрекілік пен әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру жөнінде ұсынымдар берілді. Қатысушыларға күнделікті қызметте кездесетін әдеп нормаларына қатысты жағдаяттық мысалдар ұсынылды.
Кездесу қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау, туындаған сұрақтар бойынша әдеп жөніндегі уәкілге жүгіну ұсынылды.
Отырысқа Бесқарағай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес сұрақтар қарастырылды. Аталған мәселелер бойынша Бесқарағай ауданы әкімграфігінің басшысы Султанов Ернур Султанович баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша аудандағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасауға қатысты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.
AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.
Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.
Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.
В рамках Года цифровизации Государственная корпорация «Правительство для граждан» продолжает работу по внедрению цифровых решений, направленных на повышение качества и удобства получения государственных услуг.
Пилотный проект по бронированию талонов единой электронной очереди был запущен в сентябре 2025 года и поэтапно внедрялся в отделах ЦОН по всей республике. В настоящее время стартует очередной этап пилотного проекта, который охватит дополнительно 5 отделении ЦОН. В их числе - отделы района Мақаншы области Абай, Шортандинского и Жаксынского районов Акмолинской области, Исатайского района Атырауской области, а также Мойынкумского района Жамбылской области. С учетом новых отделов общее количество участников пилотного проекта составит 39 фронт-офисов по РК.
В рамках пилотного проекта гражданам для получения услуг в отделах ЦОН необходимо будет заранее забронировать талон через мобильное приложение «ЦОН». При бронировании заявитель сможет выбрать удобные дату и время посещения. При получении талона уже в ЦОНе система определит наличие у заявителя льготной категории и в соответствии с этим обеспечит его приоритетный вызов.
При этом выдача готовых документов, работа сектора самообслуживания, а также услуги по линии документирования будут осуществляться в прежнем порядке, без необходимости предварительного бронирования талона.
Новые отделы, подключаемые к проекту на данном этапе, завершают его расширение. Пилотный проект позволит оценить удобство нового сервиса для граждан и его практическую эффективность.