
2024 жылғы 21 маусымда Бесқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы қалалар мен аудандар әкімдерін сайлау кезеңіндегі АСК мүшелерінің жұмысы: өткізу ерекшеліктері мен кезеңдері» тақырыбында оқыту семинары өтті, оған Бесқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинар барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Ж.Баталов баяндама жасады, аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.А.Мұқашева қалалар мен аудандар әкімдерін сайлау құжаттарын толтырудың дұрыстығына назар аударды.
Семинар соңында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.