Алғыс айту күні!

Алғыс айту күні!

2020 жылдың 2 наурызы күні тілдерді оқыту орталығы алғыс күніне және Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 25 жылдығына орай Бесқарағай ауылының тұрғындарымен, сондай – ақ өзге ұлт өкілдерімен «Болашағымыз - бірлікте!» акциясын ұйымдастырды. Акцияның мақсаты: үлкенге, кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, ризашылық пен алғыс айту.
Акция барысында акцияға қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күйде берілген тапсырмаларды орындады. Еріктілер жылы аясында латынграфикалы әліпби негізіндегі қазақ тілін насихаттауға арнайы құрылған тапсырмалар жиынтығын қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарамастан қызығушылық танытып орындады.
Алғыс білдірген барлық қатысушылар шағын бейнероликке түсіріліп, «beskaragay_til_ortalygy» инстаграмм парақшасына салынды. Оқыту орталығының ұжымы да акцияға қатысушыларға және аудан тұрғындарына өз алғыстарын білдіреді.


Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Аменова