Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Жетінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы 2021 жылғы 28 желтоқсан күні сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. 2022-2024 жылдарға арналған Бесқарағай ауданының бюджеті туралы.
2. Бесқарағай ауданы әкімінің функционалдық міндеттерінің және мақсаттарының орындалуы туралы есебі.
3. Бесқарағай аудандық мәслихаты хатшысының есебі.
4. Депутаттық өкілеттілік, заңдылық және этика, әлеуметтік - мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
5. Әртүрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялардың отырысы 2021 жылғы 28 желтоқсан күні сағат 09.00- де өтеді.

Бесқарағай аудандық
мәслихатының хатшысы М. Абылгазинова