Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы

Бесқарағай ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған. Комиссия төрағасы – Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Агибаев Нұржан Оразбекұлы, комиссия хатшысы – Мельник Милена Александровна.

Комиссия құрамына тиісті мәслихат депутаттары, ішкі істер органдарының, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алуға мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны – 13 адам.

Комиссияның негізгі міндеттері – балалардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтардың себептерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу.

2025 жылы комиссия 5 отырыс өткізіп, Бесқарағай ауданы аумағында тұратын отбасыларға қатысты 22 істі қарады. Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотына ата-ана құқықтарын шектеу туралы 4 іс жолданды, оның ішінде 1 материал кәмелетке толмағанды 1 жыл мерзімге «Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-не орналастыру туралы шешім қабылдауға жіберілді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-тармағына сәйкес, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды асырау жөніндегі міндеттерін орындамауы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы бап бойынша 2 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Қалған заңды өкілдерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар беріліп, ескертулер жасалды.

Бесқарағай ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы учаскелік полиция инспекторымен және қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен бірлесіп, күн сайын аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған отбасыларға рейдтер жүргізіп, оларды аралап тексеру жұмыстарын атқарады.

Комиссия ата-аналарды, кәмелетке толмаған балаларды және белсенді азаматтарды балалардың құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат беруге шақырады.

Құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты 8 (72236) 9-07-48 телефоны арқылы хабарлауға болады.

Дата публикации
28 марта 2022
Дата обновления
10 апреля 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

22 октября 2026
Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері.
22 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы