Меню

Страницы

Статья

2019 жылы аудан әкімінің аппаратына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

2019 жыл ішінде Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 243 өтініш түсті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 53 өтінішке немесе 27,8 пайызға артық. Жеке тұлғалардан жазбаша және ауызша- 201 өтініш (оның ішінде 127 жазбаша, 74 ауызша) түсіп, 2018 жылмен салыстырғанда 34 өтінішке немесе 20,3 пайызға артық, заңды тұлғалардан- 42 жазбаша өтініш түсті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 19 өтінішке артық.
Түскен 243 өтініштің 46-ы қанағаттанарлықпен шешілсе, 150-і түсіндірілді, 3- өтініштің қарауы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14- бабына сәйкес тоқтатылды (түскен өтінімдердің негізінде), 43 өтініш қарау үшін басқа органдарға жіберілді, біреуі бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
243 өтініштің 202-сі – өтініш, 11- шағым, 28-і ұсыныс, 2-і сұрау. 2019
жылы 14 ұжымдық өтініш тіркелді, 2018 жылы 4 болған болатын.
Аудан әкімімен жеке мәселелері бойынша жеке тұлғалар мен заңды
тұлғалардың 74 өкілі қабылданды (2018 жылы-70). «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында 135 адам қабылданды.
«Қоғамдық қыбылдау бөлмесі» арқылы 8 өтініш түсті.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратынан он екі өтініш жеберіліп, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 өтінішке артық (1 қосымша). Осындай нормада Бесқарағай ауданының прокуратурасынан 20 өтініш жіберілді (2 қосымша).
Аудан және облыс тұрғындарымен электрондық үкімет порталын пайдалану динамикасы оңды байқалуда, онан 34 өтініш түсті, оның бесеуі жеке тұлғалардан, 29-ы заңды тұлғалардан түсті.
Бесқарағай ауданының тұрғындарынан ауданның басшыларының атына шағым түсіру динамикасы 2018 жылдың дейгейінде, 11 шағым түсіп, тіркелді (3 қосымша).
Түскен өтініштер мен онда қойылған сұрақтарды талдай келе жер пайдалану мәселесі бойынша өтініштер саны артты, 2018 жылы 50 өтініш түссе, 2019 жылы 58 өтініш түсіп, 13,7 % құрады, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша 2018 жылы 25 өтініш болса 2019 жылы 44 өтініш болып, артуы 43 % құрады, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша 2018 жылы 31 өтініш түссе, 2019 жылы 39 өтініш болып, артуы 20% құрады.
Коммерциялық ұсыныстар саны артты, 29 өтініш түсті (олар семинарлар өткізу, тауарлар мен қызметтер көрсету), білім беру саласы бойынша 17 өтініш түсті.

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
13 марта 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

22 октября 2026
Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері.
22 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы