Меню

Страницы

Статья

Маслихат

Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихаты

Мәслихатты тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

 Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады.

 Мәслихатты мәслихаттың төрағасы басқарады, ол сессияда депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады және мәслихат оны қызметінен босатады. Мәслихат төрағасының лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

   Мәслихат төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.

   Мәслихаттың құзыреті, оны ұйымдастыру және оның қызмет ету тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы Конституцияда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында және басқа да заңнамалық актілерде айқындалған.

   Мәслихаттың өкілеттігі бірінші сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Мәслихаттың өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Дата публикации
05 августа 2021
Дата обновления
01 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері.
22 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы