Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі

Бесқарағай ауданының

ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің

2025 жылдың 1 тоқсанында атқарған  жұмысы туралы

АҚПАРАТ

 

«Абай облысы Бесқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) өз қызметін Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 313 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

«Бесқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін нормативтік-құқықтық актілерге, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық бастамаларға сәйкес жүзеге асырады. Бұл қызметтер қоғамдағы саяси тұрақтылықты нығайтуға, мәдениетті дамытуға, тілдік ортаны қолдауға және халық арасында салауатты өмір салтын ілгерілетуге бағытталған.

Аудандық орталық кітапхана қоры 195 мың дананы құрайды. 2025 жылдың  қаңтар-наурыз айлары аралығында кітапхана жүйесімен 1623 адамды қамтыған 103 іс-шара өткізді.

Кітапхана қызметі дәстүрлі және заманауи форматта қатар жүргізіліп, жергілікті қауымдастыққа сапалы ақпараттық және мәдени қызмет көрсетілді. Мерейтойлық және тақырыптық іс-шаралар – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы шаралар кең көлемде аталып өтуде. Абай мұрасына арналған әдеби сағаттар, көрмелер мен поэзия кештері,танымдық сағаттар жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Ақын шығармашылығы арқылы ұлттық рух пен тәрбиенің мәні дәріптелді.

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған кездесулер, «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу кештері мен ерлік сабақтары өткізілді. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған авторлар шығармаларын кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Соынмен қатар, Әл-Фараби баба мұрасына арналған танымдық сағаттар, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған поэзия кеші, ақпарат сағаты, Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына арналған әдеби танымдық кеші, Қадыр Мырза Әліне – 90 жыл, Ілияс Есенберлинге – 110 жыл, Рақыш Сәтұлы Әміровке – 95 жыл, Тұманбай Молдағалиевке – 90 жыл мерейтойларына арналған әдеби-танымдық сағаттар мен көрмелер,әдеби кештер библио-глобус өткізілді. Шоқан Уәлихановтың ұлттық мәдениетке қосқан үлесі туралы ақпарат сағаты, портрет кеші ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған бірлік пен татулықты дәріптейтін іс-шаралар өтті. «Жемқорлыққа жол жоқ» атты құқықтық-ағартушылық шаралар, тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. «Бар мейіріміз – балаларға» атты қайырымдылық акциясы, «Қазақ киносының айнасы – Әмина Өмірзақова» атты актриса шығармашылығына арналған танымдық кеш, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің шуағы» атты кеш, мерекелік концерттер, әдеби кештер, кітап көрмелері ұйымдастырылды. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтауға бағытталған шаралар өтті.

Ауданда 30 мәдениет мекемесі: аудандық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 19 кітапхана және 1 коворкинг-орталық жұмыс істейді. 2025 жылдың 1 тоқсанында 8 000 адамды қамтыған 20-дан астам мәдени іс-шара өткізілді.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің №560 жарлығы бойынша, 2017 жылғы 31 шілдедегі жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени  ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген өзгертулерге сәйкес Бесқарағай ауданы аумағында 7 ескерткіш тіркелген. Олардың ішінен 4  сәулет және қала құрылысы ескерткіші және 3 археология ескерткіші.

Бесқарағай ауданының 10 ауылдық округінде Ұлы Отан соғысына арналған 21 ескерткіш бар, оның ішінде 5 ескерткіш ҰОС ардагерлеріне арналған, 1 «Ардагер» ескерткіші, 1 «Жеңіс күніне 55 жыл» ескерткіші, 8 мемориалдық тақтайша, 3 ескерткіш ҰОС қаза болғандарға арналған және ҰОС қаза тапқан жауынгерлерге арналған 1 обелиск.

         Аудандық Достық үйінің қызметі ауданда тұратын барлық этностар арасындағы конфессияаралық және ұлтаралық тұрақтылықты, бейбітшілікті, келісім мен өзара түсіністікті сақтау мен нығайтуды насихаттауға бағытталған. Ай сайын қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық өткізілетін іс-шаралар жоспары әзірленді.

          Достық үйінде 4 этномәдени бірлестік жұмыс істейді: "Башкөл "аудандық татар мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі, славян этномәдени бірлестігі: Канонер ауылдық округінің "Воскресение" вокалдық тобы, неміс этномәдени бірлестігі, Қазақ бірлестігі: "Асыл әжелер" вокалдық тобы, "Tumar-ai" және "ДосStar" жастар клубы. Аудандық Аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы және медиация бұрышы.

         2025 жылдың I тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес онлайн және офлайн форматта барлығы 167 іс-шара өткізілді, жалпы қамту саны – 2346 адам.

         Аталған іс-шаралар қатарында «Достар шеңберіндегі Рождество» атты славян мерекесі және басқа да мәдени-ағартушылық іс-шаралар өтті.

         Дәстүр бойынша славян халқының Рождество мерекесі жылы, достық атмосферада атап өтілді. Қатысушыларға рождестволық тағамдар ұсынылып, музыкалық құттықтаулар, колядкалар, ойындар, викториналар ұйымдастырылды.

         Аудан тұрғындары ұлт пен дінге қарамастан, Қасиетті бұлақта шомылу рәсіміне қатысады. Бұл табиғат аясындағы қасиетті мекен – жақсылық пен рухани нұрдың қайнар көзі ретінде танымал.

         ZOOM платформасында медиаторлар мен аудандық Аналар кеңесінің мүшелерімен онлайн конференция өтті. 10 ауылдық округтен медиаторлар қатысып, 2025 жылға арналған жоспарлар мен медиация жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

         Аудандық Аналар кеңесі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, ұлттық салт-дәстүр негізінде отбасылық құндылықтарды насихаттауда. «Ананың әлдиі» республикалық жобасы аясында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» арнайы жобасы таныстырылды.

         I тоқсанда өткізілген маңызды іс-шаралар қатарында:

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл толуына арналған «Ұлы елдің батырлары» атты патриоттық шара;

         Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған қайырымдылық және экологиялық акциялар: «Біз біргеміз», «Қамқорлық пен мейірімділік», «Кітап сыйла», «Жақсылық марафоны», «Жасыл аймақ», «Жаңару»;

         «Таза Қазақстан» саябағында кең көлемде өткен Масленица 2025 мерекесі;

         1 наурызда Ассамблеяның 30 жылдығы мен Еңбек мамандықтары жылы аясында өткен мерекелік фестиваль. «Достық дастарханы» ұлттық тағамдар арқылы салтанатты атмосфера қалыптастырды.

         1 наурыз күні Достық үйінде Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті. Шараға этномәдени бірлестіктердің, Аналар мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Ассамблея Жастары қатысты. Спикерлер ретінде белсенділер мен бірлестік жетекшілері сөз сөйледі. Қатысушылар саны – 23. Ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

         Аналар кеңесімен бірлесіп «Мейірімге толы әлем» акциясы ұйымдастырылып, педагогикалық еңбек ардагерлері мен көп балалы аналар құттықталды.

         8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Достық үйінде этномәдени бірлестіктер мен Аналар кеңесі мүшелеріне арналған мерекелік кездесу өтті. Құттықтаулар мен естелік сыйлықтар ұсынылып, концерттік бағдарлама мен шай үстінде жылы кездесу өтті.

         Достық үйінің ұжымы мен этномәдени бірлестіктер Көрісу мерекесіне қатысып, ұлттық бірлік пен бауырластықты дәріптеді.

         Католик және Православ Пасхасына арналған дәстүрлі мереке де жоғары деңгейде өтті. Этномәдени бірлестіктер, аналар мен ақсақалдар кеңесінің мүшелері бас қосып, мерекелік көңіл-күй мен үміт, мейірімге толы шара ұйымдастырды.

         Аудан бойынша 10 ауылдық округте медиаторлар, ақсақалдар мен аналар кеңесінің онлайн және офлайн кездесулері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар өз округтерінде белсенді қоғамдық қызмет атқаруда.

         Бесқарағай ауданы Ақсақалдар кеңесі қоғамдық, мәдени және саяси өмірге белсене араласып, ұлттық дәстүрлерді сақтап, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде.

         Достық үйінің барлық іс-шаралары, этномәдени бірлестіктердің мақалалары мен пікірлері аудан әкімінің ресми сайтында, «Біздің Бесқарағай» аудандық, «Семей Таны», «Вести Семей» облыстық газеттерінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде: Instagram (@dostyq_ui_besqaragai), Facebook және Одноклассники желілерінде жарияланып тұрады.

 

Тілдерді оқыту орталығы.  2025 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары

         «Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ 2025 жылдың 1-тоқсанында бірқатар жұмыстарды атқарды. Қазіргі уақытта оқытудың жаңа типтік бағдарламасы мемлекеттік стандартқа сәйкес құрылып, оқыту жалпы білім деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ жүйесіне дайындық ретінде «Тіл - құрал», А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлік «Қазақ тілі» оқулықтарымен және «Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы» бойынша оқытылады.

 2025 жылы қаңтардың 13 күні Тілдерді оқыту орталығы мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ерекше форматта ұйымдастырылған "Сөз сапары" атты лингвистикалық квест өткізді.

         Іс-шараның мақсаты – мекеме қызметкерлерінің тілдік дағдыларын дамыту, ұжымдық қарым-қатынас пен шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Қатысушылар әртүрлі лингвистикалық тапсырмаларды орындап, өз білімдерін шыңдап, белсенділік танытты.

         Квест барысында қазақ тілінің байлығы, сөз мәдениеті мен тіл үйренудің қызықты қырлары ашылды.                                     

2025 жылы 20 қаңтар күні Бескарагай колледжінде Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Ұлы жазушылардың ізімен" атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.          Шара ұлы орыс жазушысы Антон Павлович Чеховтың туғанына 165 жыл толуына орай өткізілді. Іс-шара барысында Чеховтың өмірі, шығармашылығы және оның әдебиетке қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды, сондай-ақ Чеховтың шығармаларының қазіргі заман әдебиетіне әсері ерекше атап өтілді. Бұл іс-шара тек жазушының мұрасын дәріптеп қана қоймай, әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, оқырмандардың рухани байлығын толықтырды.

2025 жылы ақпанның 8 күні Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Креативті қалам" мақала жазу сайысы үлкен қызығушылықпен өтті. Сайыстың тақырыбы: "Абайдың үні-ұрпаққа өнеге, тілге тірек". Іс-шара соңында барлық жеңімпаздар мен қатысушыларымызға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

2025 жылы ақпанның 15 күні Бесқарағай ауданында "Ерлік әуендері" атты патриоттық іс-шара өтті. Бұл шараны Тілдерді оқыту орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырды. Іс-шараға Бесқарағай ауданының полиция қызметкерлері белсене қатысты. Шара барысында соғыс жылдарындағы патриоттық әндер орындалып, ата-бабаларымыздың ерлігі туралы әсерлі естеліктер айтылды. Полиция қызметкерлері де Отан қорғаудың маңыздылығы мен бейбітшілікті сақтаудың жауапкершілігі жайында ой бөлісті. Осындай шаралар жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде, батырлардың ерлігін ұлықтауда және елге деген сүйіспеншілікті нығайтуда үлкен рөл атқарады.

         2025 жылы 21-ақпан күні тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Сөз мәйегі – ана тілі" атты викториналық ойын  Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырылып, ерекше әсерлі өтті.  Студенттер өз білімдерін сынап, қазақ тілінің байлығын тағы бір мәрте сезінді.

         2025 жылы ақпанның 28 күні  Тілдерді оқыту орталығы Ассамблеяның 30 жылдығына орай "Ұлттар достығы" атты танымдық викторина ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі ұлттардың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен тілдеріне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін толықтырды. Викторина достық атмосферада өтіп, әр қатысушы жаңа ақпарат алды.

         2025 жылы наурыздың 14 күні "Жеңістің 80 жылдығына орай тілдерді оқыту орталығында "Ұлы Жеңіс лагерінде" атты әскери-патриоттық бағыттағы акция өткізіліп, қатысушыларға тарихи мағлұматтар ұсынылып, патриоттық рухты көтеретін іс-шаралар ұйымдастырылды.

         2025 жылы наурыздың 21 күні  Тілдерді оқыту орталығында

"Наурыз ғажайыбы" атты креативті танымдық сағат өтті! Қатысушылар бұл мерекенің терең мағынасына үңіліп, салт-дәстүрлерді жаңғыртты.

         Тыңдаушылардың сабаққа қатысуы, тілді білу сапасы мен өткізілген іс-шаралары бойынша жұмыстар аса жауапкершілікпен жүргізіледі. Ол жөнінде тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат «beskaragay_til_ortalygy» инстаграмм парақшасы арқылы әлеуметтік желілерге жарияланады, аудан әкімінің сайтына отырғызылып тұрады.

Жастар саясаты

Бесқарағай ауданында жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы ақпарат бірлігі жарасқан Бесқарағай ауданында мемлекеттік жастар саясаты, атап айтқанда, жастармен жұмыс елімізде 2013 жылдан бері жастармен жұмыс «Жастар ресурстық орталығы» арқылы жүргізілуде. Қазіргі уақытта орталықта 12 қызметкер жұмыс істейді.

Ауданда 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 4070 адам. Орталықтың негізгі бағыттары: еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, кәсіби бағдар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен салауатты өмір салтын насихаттау.

2025 жылдың басынан бері орталық 104 іс-шара ұйымдастырды, оның ішінде:  NEET санатындағы жастармен жүйелі ақпараттық, әдістемелік және консультациялық жұмыстар («Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Бастау Бизнес», «Дипломмен ауылға», т.б.);  Кәсіптік бағдар беру кездесулері («Барлық мамандықтар маңызды, барлық мамандықтар қажет»);

 Қайырымдылық акциялары («Jaqsylyq Jasa», «Ардагерлерді ардақтайық», мүгедектерге арналған концерттер);  Тазалық акциялары («Тағзым мұраға», саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазарту);  Қауіпсіздік бағытындағы іс-шаралар («Өрт қауіпсіздігі», «Қауіпсіз аудан», «Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу жолдары», «ЕСІРТКІДЕН АУЛАҚ БОЛ»);  Жұмысқа орналасуға көмектесетін ақпараттық айдарлар («Бос жұмыс орындары», «SAQTAP AL»);

 Білім беру және даму бағыттары («SOILE CLUB», «ZHAS MAMAN» workshop, зияткерлік ойындар, құқықтық түсіндіру жұмыстары);  Мерекелік іс-шаралар (Алғыс айту күні, «Әлемнің мәні – әйелде», «Жеңіс лентасы», «Ұлы Жеңіс – мәңгі есімізде»).

 

Аталған жұмыстар жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, оларды патриотизмге, еңбекке және салауатты өмірге баулуға бағытталған.

 

Дата публикации
16 января 2020
Дата обновления
28 мая 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі.
19 октября 2026
Составы избирательных комиссии.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы