"Бесқарағай-Адалдық алаңы" жобасы аясында Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында "Сервистік әкімдік" ашылды, оның жұмысы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған. Сервистік әкімдіктен 49-дан астам түрлі мемлекеттік электрондық қызметтерді тез арада алуға, сондай-ақ түрлі мәселелер бойынша кеңес алуға болады.
Сервистік әкімдік Бесқарағай ауылы 144 мекен-жайында орналасқан.
Анықтама телефоны: 9-14-54.
Instagram-дағы ресми бет: https://www.instagram.com/beskaragai_egov.kz/