«Ашық адалдық аланы» жобасы аясында әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына көшу, жақсарту жұмыстарын жүргізгеннен кейін "Қызмет әкімдігі" өз жұмыстарына кірісіп кетті. «Қызмет әкімдігі» жобасының қағидаттары мынадай: мемлекеттік қызметтерді бір жерде шоғырландыру және азаматтарға жайлы жағдай жасау болып табылады. Бұл бөлмеде барлық жағдай жасалған: келушілер үшін ыңғайлы орындар, кондиционер, су диспенсері бар, балалар алаңы да қарастырылған. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы және электронды үкімет порталын қолдана алуға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы қоңырау мен пандус орнатылған.