Тренингтер мен семинарлар барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесінің негізгі ережелері түсіндірілді.
Оқушылар пікірталастарға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, Конституцияның мәні мен демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі туралы өз пікірлерін білдірді.
Кездесу соңында аталған іс-шараларға қатысқан мектеп педагогтары және ұйымдастырушылар оқушылардың алған білімдері сайлау құқығы мәселелеріне саналы түрде жақындауға және елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға көмектеседі деп үміттенді.