Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыстады
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыстады.
2026 жылғы 17 ақпанда Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округінің активімен кеңес өтті. Кеңес барысында Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Баталов Бауржан Жекенович Жетіжар ауылдық округінің сайланған әкімі Жайдарбеков Медет Максатовичқа куәлік табыс етті.
Жетіжар ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде Жетіжар ауылдық округінің әкімі болып сайланған Жайдарбеков Медет Мақсатович 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап өз қызметіне ресми түрде кіріседі.
Жайдарбеков Медет Максатович 1987 жылғы 8 ақпанда Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.
Ол Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарында 11 жыл, Абай облысының жергілікті атқарушы органдарында 2 жыл қызмет атқарған. Сайлау өткенге дейін Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының филиалы тарапынан ұсынылған.