Абай облысы Бесқарағай ауданы әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 26 қантарда Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызға Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің сайлауын тағайындады.
2026 жылдың 27 қаңтарынан бастап аудандық әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 12 ақпандағы жағдайы бойынша 2 кандидат ұсынылды. 1 кандидат өзін-өзі ұсынды, 1 кандидат - «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
Аудан әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 12 ақпан сағат 18:00-де аяқталды.
Абай облысы Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.