Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Абай облысы Бесқарағай ауданы әкіміне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы
(2026 жылғы 15 наурыздағы сайлау)
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2026 жылғы 12 ақпаннан кешіктірмей Абай облыстық Бесқарағай ауданы әкіміне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: tic_abay_obl@saylau.kz, мекен жайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 86 ) және Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясына(эл.пошта: tic_vko_bes@saylau.kz, мекенжайы: Бесқарағай ауылы,Пушкин көшесі 2а, 323 каб.) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Абай облыстық сайлау комиссиясына және Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.