БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Бесқарағай ауылы «_____»____________ 2025жыл
Осы Меморандум Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (бұдан әpi 1-Tapaп) атынан Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындагы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес әрекет ететін төраға Баталов Бауржан Жекенұлы мен «Абай облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi—2- Тарап) атынан бөлім басшысы Әлжанов Жан , бөлім туралы Ережеге сәйкес әрекет ететін тараптар арасында, бұдан әpi бірлесіп «Тараптар» деп аталатын төмендегідей келісімдер негізінде жасалды:
Меморандумның мақсаты — жастар арасында құқықтық ағартуды қамтамасыз ету, олардың сайлау мәдениетін арттыру, белсенді азаматтың ұстанымын қалыптастыру және жас азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын ынталандыру мақсатында Тараптар арасындағы тиімді ынтымақтастықты орнату.
Сонымен қатар, бұл Меморандум аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру мен дамытуға, үйлестіруге бағытталған.
Тараптар келесі бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты:
2.2. Клуб құрамын жастар ұйымдарының, волонтерлік бірлестіктердің, студенттердің, жас мамандардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатарынан жасақтауға жәрдемдесу.
2.5. Аудандық Клубтан түскен ұсыныстар мен бастамаларды облыстық Клубка жіберу.
Аудандық Жас сайлаушылар клубының қызметін жалпы басқаруды қамтамасыз ету;
Клуб отырыстарын кемінде бір рет тоқсанына өткізу;
Клуб мушелерінің сайлау комиссиясы мен азаматтық қоғам институттарының іс-шараларына қатысуына жәрдемдесу.
Клуб құрамын жастар ұйымдары, оқу орындары және қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жасақтауга жәрдемдесу;
Клуб іс-шараларына жастар ресурстық орталықтарының қатысуын қамтамасыз ету;
Клубтың қызметіне ақпараттық-ұйымдастырушылық қолдау көрсету; Бірлескен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Тараптардың қолдары:
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Төраға _______________ / Баталов Б.Ж/
«Абай облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ
Басшысы ______________ /Әлжанов. Ж/