Бесқарағай ауданының Глуховка және Жетіжар ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Абай облысы

Бесқарағай  ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

  Бесқарағай ауданының Глуховка және  Жетіжар ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

Абай облысы Бесқарағай  ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ   Бесқарағай ауданының Глуховка және  Жетіжар ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Бесқарағай  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Бесқарағай ауданының Глуховка және Жетіжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2026 жылдың 15 ақпанында тағайындалсын. 2026 жылғы 15 ақпанында тағайындалған Бесқарағай ауданының Глуховка және Жетіжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. Осы қаулы Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында  және аудандық «Біздің Бесқарағай» газетінде жариялансын. Сайлау комиссиясының төрағасы                                                      Б.Баталов                           Сайлау комиссиясының хатшысы                                                        А.Мукашева Бесқарағай ауылы  2026 жыл 07 қантар № 2
Дата публикации
07 января 2026