Бесқарағай ауданының Глуховка және Жетіжар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

 Абай облысы

Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Бесқарағай ауданының Глуховка және Жетіжар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

             

 

 

 

 

 

 

 

Абай облысы Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Бесқарағай ауданының Глуховка және Жетіжар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Бесқарағай ауданының Глуховка және Жетіжар ауылдық округтерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын: Глуховка ауылдық округінің әкімінің – Глуховка ауылдық округінің шекарасындағы Глуховка сайлау округі; Жетіжар ауылдық округінің әкімінің – Жетіжар ауылдық округінің шекарасындағы Жетіжар сайлау округі. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Біздің Бесқарағай» аудандық газетінде және Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын. Сайлау комиссиясының төрағасы Б.Баталов Сайлау комиссиясының хатшысы А.Мукашева Бесқарағай ауылы, 7 қантар 2026 жыл № 1
Дата публикации
07 января 2026