Бесқарағай ауданының мәдени ұйымдары
Тілдерді оқыту орталығы Бесқарағай ауданында 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да санаттағы азаматтарды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту, сондай-ақ тіл саясатын жүзеге асыру бойынша әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру.
Орталықтың Instagram парақшасында әртүрлі акциялар мен іс-шаралар туралы ақпарат, түрлі айдарлар жарияланады.
Оқудан тыс, орталықтың айлық және жылдық жоспарларына сәйкес, іс-шаралар ұйымдастырылады.
Ауданда 30 мәдениет мекемесі: аудандық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 19 кітапхана және 1 коворкинг-орталық жұмыс істейді.
«Достық үйі» жанында 4 этномәдени бірлестік жұмыс істейді:
«Башкүл» аудандық татар мәдени орталығы, славян этномәдени бірлестігі, неміс этномәдени бірлестігі, «Воскресение» вокалдық тобы (Канонерка ауылдық округі). Сонымен қатар "Асыл әжелер", "Tumar-ai" қазақ бірлестігі, "ДосStar" жастар клубы қызмет етеді.
Достық үйінде аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, белсенді ұзақ өмір орталығы және этномедиация бұрышы жұмыс істейді.
2024-2025 жылы аталған бірлестіктермен бірге 5153 адамды қамтыған 157 іс-шара ұйымдастырылды.
Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді, онда түрлі тарихи экспонаттар, тұрмыстық заттар және қолжазбалар сақталған. Қазақ киіз үйі мен славян үйі стилінде безендірілген 2 музей кабинеті бар.
Аудандық орталық кітапхана қоры 190 605 дананы құрайды.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің №560 жарлығы бойынша, 2017 жылғы 31 шілдедегі жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген өзгертулерге сәйкес Бесқарағай ауданы аумағында 7 ескерткіш тіркелген. Олардың ішінен 4 сәулет және қала құрылысы ескерткіші және 3 археология ескерткіші.
Бесқарағай ауданының 10 ауылдық округінде Ұлы Отан соғысына арналған 21 ескерткіш бар, оның ішінде 5 ескерткіш ҰОС ардагерлеріне арналған, 1 «Ардагер» ескерткіші, 1 «Жеңіс күніне 55 жыл» ескерткіші, 8 мемориалдық тақтайша, 3 ескерткіш ҰОС қаза болғандарға арналған және ҰОС қаза тапқан жауынгерлерге арналған 1 обелиск.
Бесқарағай ауданында 76 спорт нысаны бар, оның ішінде 24 спорт залы: 21 зал жалпы білім беретін мектептерде, 2 зал балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, 1 зал Бесқарағай колледжінде, және 2 зал Бесқарағай ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінде орналасқан. Сонымен қатар, ауданда 37 жазғы балалар спорт алаңы бар, олар мектептер мен ауылдарда орналасқан. Футболды дамыту мақсатында 14 футбол алаңы, 6 воркаут алаңы, 1 стадион және аудан орталығында 1 ипподром бар.
Бесқарағай ауданында жастармен жұмыс 2013 жылы құрылған «Жастар ресурстық орталығы» арқылы жүзеге асырылады. Орталықта 11 қызметкер жұмыс істейді. Орталық еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, кәсіптік даярлық, мәдени-бұқаралық және сауықтыру демалысы салаларында жұмыс жүргізеді. Ауданда 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 3943 адам.
Жаз мезгілінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жұмысын бастайды. Жасаққа студенттер, мектеп оқушылары және жұмыссыз жастар арасынан 16-35 жас аралығындағы 90 адам кіріп.