Мектепке дейінгі тәрбие

Ауданда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша 1 мемлекеттік, 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым, 1 мектеп – балабақша кешені, 20 мектепте шағын орталықтар жұмыс істейді. Оның ішінде мемлекеттік балабақшалар – 1 (90 бала), мектеп – балабақша кешені – 1 (135 бала), жекеменшік балабақша – 2 (63 бала), толық күндік шағын орталықтар – 2 мектеп (30 бала), толық емес күндік шағын орталық-18 (600 бала). Ондағы балалар саны-705 бала. Аудан бойынша кезекте тұрған балалар саны 2 жастан 3 жасқа дейін-28.

Жоспар бойынша 2025 жылы "Семияр орта мектебі" КММ жанынан 17 орындық толық күндік шағын орталық ашу жоспарлануда.Қазіргі таңда құжаттамалары дайындалу үстінде.

Мектепке дейінгі тәрбие
Дата публикации
26 июня 2025