Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық

Сумен жабдықтау

Бесқарағай ауданында 28 ауылдық елді мекен орналасқан

олардың 24-і немесе 86,0 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, оның 8-і

(сегіз) елді мекенінде тікелей үйлерге су құбыры тартылды,

6 (алты) елді мекенде таза ауыз су тарату үшін бағаналар орнатылған

және 10 елді мекенде таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін блоктық-модульдік станциялар (БМС) орнатылды.

Глуховка, Бөдене, Ерназар және Жетіжар сияқты елді мекендерде

су құбыры жоқ, бірақ қазіргі уақытта жер учаскелерінің шекарасына жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Екі пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы бойынша жаңа игерілген учаскелерді қамти отырып,

резервтік аумақта Бесқарағай ауылында екінші кезектегі су құбырын салу бойынша жобаны іске асыру жүргізілуде. Бөдене, Ерназар, Жетіжар және Бесқарағай 2

кезек, ауылдарында жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылға жоспарлануда.

Канонерка, Малая Владимировка, Кривинка, Башкуль және Бозтал ауылдарында сараптама қорытындысымен су құбырларын реконструкциялаудың бес жобасы бар.

Сондай-ақ, Жыланды (383 адам), Морозов орман шаруашылығы (293 адам),

Белокаменка (274 адам) елді мекендерінде су құбырларын салу жобалары бар.

Қазіргі уақытта бес қайта құру жобасы және үш су құбырының құрылысы жоба бойынша оларды жүзеге асыру үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінімдер берілді.

Мостик ауылында су құбырын салу бойынша жоба әзірленуде.

Құрылыс

Бесқарағай ауданында "Абай облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы 300 оқушыға арналған жалпы орташа білім беретін мектеп құрылысы" жобасын іске асыру басталды. Тапсырыс беруші: "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамы, "Құрылыс»  ЖШС мердігерлік ұйымы,

Келісім-шарт бойынша құны 2 581 993 989 теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ИКИ бойынша жұмыстар жүргізілуде - "жайлы мектеп" сыртқы инженерлік

Желісін өткізу. "Тау Кен Шахта Құрылыс " ЖШС-гі мердігерлік ұйымы

Сондай-ақ, Бесқарағай ауданында 11 елді мекенде ФАП, МП және ДА құрылысы басталды:  Қарабас (ДА), Қарағайлы (ДА), Ерназар (ДА), Қоянбай (МП),

Башкөл (МП), Қара Мұрза (МП), Долон (МП), Өндіріс (ФАП), Стеклянка,

Белокаменка (МП) және Жетіжар ауылына (ДА), Тапсырыс беруші " Абай облысының құрылыс басқармасы" ММ. Сонымен қатар ФАП, МП және ДА инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде.

Бесқарағай ауданының Морозов орман шаруашылығы, Башкөл және Қоянбай ауылдарында сараптаманың оң қорытындысымен антенна-діңгек имаратының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар бар. Қазіргі уақытта "Қаракесек-НТ" ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 142,6 млн. теңгеге келісім-шарт жасалды. Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіне дейін құрылысты аяқтау жоспарлануда.

"Қолжетімді интернет"  ұлттық жобасын іске асыру бойынша Республикалық маңызы бар тас жол бойындағы Старая-Крепость, Жыланды және Қарабас ауылдарында антенна-діңгек имараттарын орнатуға арналған жобалар әзірленуде. "RB Engineering Group" ЖШС-нің мердігер ұйымына барлық бастапқы деректер ұсынылды. Жұмыстарды 2025 жылдың 1 тамызына дейін аяқтау жоспарлануда.

Бесқарағай ауданының Ерназар, Глуховка және Беген ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысына сараптаманың оң қорытындысымен жобалау – сметалық құжаттама бар. Іске асыру үшін облыстық басқармаға

Ерназар ауылына (сомасы 336 659,5395 мың теңге), Глуховка (467 287,242 мың теңге) және Беген (сомасы 381 763,023 мың теңге) құрылысқа бюджеттік өтінімдер берілді.

Сондай-ақ, Қоянбай мен Ерназар ауылдарда спорт модулін салуға арналған жобалар бар, көше жарығы Канонерка және Қарағайлы ауылдарында болады.

Ерназар (сомасы 672 481,627 мың теңге) және Қоянбай (сомасы 658 410,8 мың теңге) ауылдарында екі спорт модулі құрылысын және Қарағайлы ауылында көше жарықтандыру (48 776,573 мың теңге) және Канонерка ауылында көше жарықтандыру (70 455,424 мың теңге) жобаларын іске асыру үшін тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінімдер берілді.

 

Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық
Дата публикации
12 июня 2025