Бесқарағай ауданының ауданы 1 137 376,7 га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 469,0 мың га; елді мекендердің жерлері 212,0 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 392,5 мың га; қордағы жерлер 55,2 мың га; өнеркәсіп жерлері 2,5 мың га.
Ауданда 334,0 мың га алаңда 493 шаруа және фермер қожалықтары және 135,0 мың га алаңда 47 ауыл шаруашылығы ұйымдары жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі егістік жерлердің ауданы 96,0 мың га, шабындықтар 10,3 мың га, жайылым 358,9 мың га, өзге де жерлер 3,8 мың га құрайды.
Елді мекендер жеріндегі жайылымдар ауданы 196,4 мың га құрайды.
Халықтың аналық мал басы елді мекендерге жақын жайылымдармен толық қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлері үшін шалғай учаскелерде жайылымға шығу мүмкіндігі бар.
Бағалау құны 1257,0 мың теңге болатын ауданы 8,32 га 5 жер учаскесіне шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін жалға беру құқығы сатылды.
Ағымдағы кезеңде шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалпы ауданы 3,06 мың га 13 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі конкурс бойынша берілді.
Жер мәселелері бойынша аудан әкімдігімен 186 қаулы қабылданды. Жер учаскесін жалға алу туралы 411 шарт, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына 12 шарт, жеке және заңды тұлғалармен 14 сатып алу-сату шарты жасалды.
2024 жылы тараптардың келісімі бойынша жалпы ауданы 3845,6 га жер учаскелерін жалға берудің 13 шарты бұзылды.
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының сәйкестендіру құжаттарымен қамтамасыз етілуі 100% -. құрайды.