Абай облысы Бесқарағай ауданы Малая Владимировка ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің  108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  Заңының   12-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Маловладимировка ауылдық округінің Малая Владимировка ауылының шекарасы (шегі) 8322,0 гектар жалпы алаңымен, осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.  
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Бесқарағай ауданының әкімі

                           

Н. Кошкарбаев

Дата публикации
28 мая 2025