2024 жылдың 12 айында Бесқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2182 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік корпорация арқылы 214 қызмет (9,9%), "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде– 734 (33,6%) қызмет көрсетілді, "Е-лицензиялау" МДБ веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер - 984 (45,1%), қызмет алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz), оның ішінде қызмет түрлері бойынша – 28 (1,3%), қызмет алушымен тікелей байланыс жасау және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) электрондық түрде көрсетілген қызметтер – 222 (10,1%).
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны - 4. Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түріндегі негізделген бас тартулар саны - 1, ЭҮП – те берілген мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізделген бас тартулар саны - 3.
Ағымдағы жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу шеңберінде 6 бақылау іс-шарасы өткізіліп, 3 жергілікті атқарушы орган, 3 ведомстволық бағынысты ұйым тексерілді. Анықталған бұзушылықтар саны - 5.