Баскөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиыны туралы
ХАТТАМА № 9
Қарағайлы ауылы 20 желтоқсан 2024 жыл
ауылдық округінің сағат 10-00 де
ғимараты
Жиынды ашып жүргізетін ауылдық округінің әкімі Бытебаев Кайрат Бесенбаевич
Құрметті Баскөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтығының өкілдері !
Жиынның хаттамасын толтыру және жүргізу үшін төрағамен мен хатшыны сайлау ұсынылды.
Құрметті қатысушылар жиналыстың төрағасы етіп Айдаргали Еметович Салкеновты сайлау туралы ұсыныс түсті. Дауыс бергендер «қолдағандар»-10, «қарсы» 0, «қалыс» 0. Бірауыздан Айдаргали Еметович Салкенов төраға болып сайланды, Жиналыстың хатшысы етіп сайлауға Хасанова Анна Сергеевнаны сайлау туралы ұсыныс түсті, дауыс бергендер «қолдағандар»-10 , «қарсы» 0, «қалыс» 0. Бірауыздан Анна Сергеевна Хасанова хатшы болып сайланды.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы А.Е.Салкенов күн тәртібімен таныстырады.
Жиын төрағасы:
Күн тәртібі:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша 5 минут
Сөйлеушілерге 3 минут
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» - 11 адам
«Қарсы» -0 адам
«Қалыс»-0 адам
Қарсылық барма Қабылданды.
Құрметті Баскөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелерінің өкілдері!
2025 жылға арналған бюджеттің кіріс бөлігі 144 706,0 мың теңге сомасында жоспарлануда, оның ішінде:
- Салықтық түсімдер 2025 жылы салықтың келесі түрлері бойынша 7 500,0 мың теңге сомасында жоспарлануда:
ЖТС-2310,0 мың теңге
Мүлік салығы-160,0 мың теңге
Жер салығы - 110,0 мың теңге
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық - 3 375,0 мың теңге
Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық-700,0 мың теңге
Бірыңғай жер салығы-695,0 мың теңге
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем - 150,0 мың теңге
- Трансферттер көлемі – 91952,0 мың теңге
- Субвенция көлемі -45 254,0 мың теңге
2025 жылы көзделген шығыстар 144 706,0 мың теңгені құрайды.
124001015 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша 12 штаттық бірлікке еңбекақы төлеу және ұстау 45 782,0 мың теңгені құрайды.
124001029 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" облыстық бюджеттен берілген трансферттер есебінен -153,0 мың теңге.
124008015 Көшені жарықтандыру бағдарламасы бойынша шығыстар-4272,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 218 көше шамын жарықтандыруға -3472,0 мың теңгені, 2025 жыл ішінде көше шамдарын ағымдағы жөндеу мен қызмет көрсетуге-800,0 мың теңге.
124009015 "Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету"бағдарламасына -700,0 мың теңге. Оның ішінде округ бойынша қоқыс үйінділерін жиуға -700,0 мың теңге.
124011015 "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша қаражат 500,0 мың теңгені құрады, оның ішінде көшет отырғызуға -200,0 мың теңге, Қарағайлы ауылындағы скверді, футбол алаңын және Башкөл ауылындағы балалар алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары - 300,0 мың теңге.
124013015 "Ауылдарда, ауылдық округте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша 8500,0 мың теңгені құрайды. Елді мекендердің ішіндегі жолдарды қысқы күтіп ұстауға.
124045029 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» жол сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерге аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен -991,0 мың теңге
124057028 "Ауыл-ел бесігі "жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру" бағдарламасы бойынша Қарағайлы ауылындағы (Тәуелсіздік, Баймұратов, Гагарин, Б.Момышұлы көшелері) жолдарды
орташа жөндеуге арналған жоба бойынша облыстық бюджеттен 83808,0 мың теңге сомасында трансферттер есебінен.
Төраға: қандай сұрақтар, ұсыныстар болады?
Сөз сөйледі: Руслан Мухтарович Нысанбеков Башкөл ауылының тұрғыны-Округ әкімінің баяндамасын қолдаймын, округтің бюджетіне салық түсімдерінен қаражат жиналып отыр. Жарықтандыруға, жолдарды ұстауға, аббаттандыру жұмыстарына қаражат қарастырылған. 2024 жылы жеке тұлғалардан жақсы салық жиналған. Барлық қаражат округтің шешімін таппай жүрген өзекті сұрақтарын шешуге жұмсалуда.
Сөз сөйледі: Талғат Амантаевич Султанов- Қарағайлы ауылының тұрғыны. Округ әкімін жалпы қолдаймын. Барлық бөлініп отырған қаражат округты жақсарту үшін қажет. Елді мекендердің ішкі жолдарын қыс мерзімінде ұстауға, уақытымен көше жарықтарын жөндеуге ерекше көңіл бөлу керек. Сондай-ақ 2025 жылға Қарағайлы ауылының саябағын, футбол алаңын, башкөл ауылындағы балаларын алаңын ағымды жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылып отыр. Округтің елді мекендерін аббаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.
Сөз сөйледі: Гульмира Айтпаевна Ибраева - Қарағайлы ауылының тұрғыны. Біздің округтің әл-ауқатына бөлінген барлық қаражат. Сонымен қатар, жергілікті бюджетті толықтыру үшін ауыл тұрғындарымен, табысты уақтылы толықтыру үшін жұмыс жүргізу қажет.
Сөз сөйледі: Бөкебай ауылының тұрғыны С. К. Мусин-мен ауыл әкіміне қолдау көрсетемін. Барлық айтылған сомалар біздің ауылды жақсарту үшін қажет. Жыл сайын округтің өзекті мәселелері шешіліп келеді. 2025 жылы да осы бағыттағы жұмыстардың жалғаса деп,-өз ойын білдірді.
Жиналыс төрағасы: А.ЕСалкенов қандай сұрақтар, ұсыныстар болады?
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» 11 адам
«Қарсы» -0 адам
«Қалыс қалған»-0 адам
«2025-2027 жылдарға арналған Баскөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешім жобасын талқылау келісілді. Жиналыстың күн тәртібі аяқталды. Жиналысты жүргізу бойынша қандай ескертулер, ұсыныстар бар?
Баскөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдерінің жиналысы аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін барлығыңа алғыс айтамын.
Жиын төрағасы: Салкенов А.Е.
Жиын хатшысы: Хасанова А.С.