Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Бесқарағай ауданының шаруашылықтарының барлық санаттарында ет өнімдері 2 913,4 тонна өндіріліп, 2023 жылғы осы уақыттарымен салыстырғанда (2 862,1 тонна )  101,8%-ды құрады, сүт өндіру – 19 949,0 тоннаны құрап, былтырғы жылғы осы уақыттағыдан (20 316,5 тонна) 1,8%-ға азайды, ал жұмыртқа – 2 771,5 мың дана, 2023 жылғы осы уақытта   - 2 817,3 дана болған.

2024 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша ірі қара мал 40 176 бас болды, оның ішінде аналық ірі қара малы 22 441 бас. Қой мен ешкі – 51 962 бас, жылқы – 26 914 бас болды. Шошқа саны - 819 басты құрап, құс -50 785 бас болды.

Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері
Дата публикации
07 августа 2024