2023 жылғы 24 желтоқсанда Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Бесқарағай ауданының Канонерка ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Канонерка сайлау округі

Канонерка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1097 енгізілген

азаматтар, олардың 989-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–26, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 12.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Болысбеков Орынбек Балтабекұлы – 824; Сапарханова Асима Сайфулловна-65; Шектыбаева Динара Қайржанқызы-62.

Канонерка ауылдық округінің әкімі болып Болысбеков Орынбек Балтабекұлы сайланды, 1984 жылы туған, "Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Бесқарағай ауылында тұрады, "AMANAT" партиясынан ұсынылған.

Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 24 желтоқсанда Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті
Дата публикации
25 декабря 2023