Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Бесқарағай ауданының шаруашылықтарының барлық санаттарында ет өнімдері 3 376 тонна өндіріліп, 2022 жылғы осы уақыттарымен салыстырғанда (3 206,7 тонна ) 5,3% көбейді, сүт өндіру – 32 548,2 тоннаны құрап, былтырғы жылғы осы уақыттағыдан (31 882,7 тонна) 2,1 % көбейді, ал жұмыртқа –2 159,1мың дананы құрап, 104,3% өсті (қаңтар-маусым 2022 жыл- 2 070,3дана).

2023 жылдың 1 шілдеде ірі қара мал 59 037 басты құрап, былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда (57 361 бас) 102,9 %-ға өсті. Сонымен қатар 2022 жылғы осы уақытымен салыстырғанда аналық ірі қара малы 110,8%-ға көбейді. Қой мен ешкі – 54 022 бас, былтырғы жылы осы уақытта 51 218 бас – немесе 105,4 % құрады, жылқы – 22 693 басты құрап, былтырғы жылы осы уақытта 20 282 бас -111,9 % өсті, шошқа – 1 022 басты құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда (1 002 бас) 102 % өсті. Құс -64 539 бас болып (былтырғы жылы 58 855 бас) 109,7 %  құрады.

Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері
Дата публикации
03 августа 2023