2022 жылдың 25 мамырында сағат 10.00-де Бесқарағай ауданында республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары төрағасының орынбасарлары үшін көшпелі оқыту семинары өткізілді. Семинарды Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық референдум комиссиясы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен бірлесіп өткізді.