Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қызметі Бесқарағай ауданының тұрғындарына суды жинау, өңдеу және тарату болып табылады. Кәсіпорын табиғи монополиялар субъектілеріне жататын объектілердің тізбесіне енгізілген, өз қызметін Беқарағай ауданы аумағында жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі берген арнайы су пайдалануға арнайы рұқсаты бар. Кәсіпорынның балансында Бесқарағай ауданының 14 ауылында: Бесқарағай ауылында, Малая-Владимировка ауылында, Бозтал ауылында, Қарағайлы ауылында, Башкөл ауылында, Қоянбай ауылында, Ундрус ауылында, Беген ауылында, Кривинка ауылында, Канонерка ауылында, Қара-Мурза ауылында, Қарабас ауылында, Бірлік ауылында 15 сорғы қондырғылары мен су құбырлары желілері бар. Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 141,635 км/желі, 23 таза су қоймасы, 13 су мұнарасы. Орталық сумен жабдықтауды пайдаланатын халық саны 11956 адам, бұл Бесқарағай ауданы халқының 99 пайызын құрайды. Кәсіпорын сорғы қондырғылары мен су құбыры желілеріне күнделікті техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Директордың міндетін атқарушы Электрондық мекенжайы және телефоны
|
070300, РК, Абай облысы, Бескарагайский ауданы, .Бескарагай ауылы, .Пушкина көшесі, 2»А». |
Даутбеков Жумагали Саметович |
87223691956 |