Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Абай облысы Бесқарағай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін лицензиялау арқылы жаңғырту жүргізілуде. Лицензиялауды енгізу жаңғыртудың бір кезеңі болып табылады және келесі мақсаттарға бағытталған:

  • көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
  • қызмет алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
  • арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды орнату.

«Абай облысы Бесқарағай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізіп, тиісті лицензияларды алды:

  1. №24030066 медициналық лицензиясы – ересектер мен балаларға амбулаторлық-поликлиникалық көмек көрсету бойынша:
    • Бастапқы медико-санитариялық көмек;
    • Алдын ала дәрігерге дейінгі көмек;

Консультативтік-диагностикалық көмек:

    • Психиатрия;
    • Медициналық психология;
    • Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емдеу;
    • Емдік дене шынықтыру;
    • Невропатология;
    • Травматология-ортопедия.

Балаларға амбулаторлық-поликлиникалық көмек көрсету бойынша:

    • Бастапқы медико-санитариялық көмек;
    • Квалификацияланған көмек;
    • Консультативтік-диагностикалық көмек;
    • Педиатрия;
    • Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емдеу;
    • Массаж.
  1. №250214000950 лицензиясы (27.02.2025 ж.) – үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша (тіркеу нөмірі KZ20BAX00000418).
  2. №250319001086 лицензиясы (19.03.2025 ж.) – жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша (тіркеу нөмірі KZ44BAX00000471).

Қызмет алушыларды қамту:

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызметтерді 268 адам алады, оның ішінде:

  • жартылай стационар жағдайында – 17 бала;
  • үйде – 251 адам, оның ішінде:
    • 18 жасқа дейінгі балалар – 9;
    • 18 жастан асқан мүгедектігі бар жандар – 49;
    • 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар жандар – 7;
    • өзін-өзі күте алмайтын қарттар – 186 адам.

 

 

Қызмет алушылармен жүргізілетін іс-шаралар:

Күн сайын жеке және топтық сабақтар өткізіліп, келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

  • балалардың өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту;
  • денсаулықты нығайту;
  • физикалық белсенділікті арттыру (сауықтыру дене шынықтыруы);
  • моральдық-психологиялық ахуалды қалыпқа келтіру.

Осы мақсатта кешенді медициналық, психологиялық, мәдени және педагогикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қызмет алушыларға ұсынылған:

  • ДЮСШ спорт залдары;
  • Бесқарағай ауылдық округіндегі стадион – тегін негізде.

Мәдени-көпшілік іс-шаралар:

  • 20 ақпан – 18 жастан асқан мүгедекттігі бар адамдарға арналған «Елімай» демалыс базасында сауықтыру күні;
  • 27 ақпан – Семей қаласындағы мәдениет үйінде өткен облыстық «Ұрпақ жады» шығармашылық фестиваліне қатысу (Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған). «Ложкарей» ансамблі, Жанболатова Сабина және Бочкова Марина жүлделі орындарға ие болды;
  • 6–7 наурыз – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай үйде құттықтау;
  • 20 наурыз – «Наурыз аруы» және «Жігіт сұлтаны» мерекелік іс-шарасы, мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен ұлттық ойындар өткізілді, ұлттық тағамдармен дастархан ұйымдастырылды;
  • 5 мамыр – 80 жылдығына және Отан қорғаушы күніне орай ПЧ-16-ға мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан адамдарға арналған экскурсия;
  • 6–8 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай тыл еңбеккерлерін құттықтау, естелік сыйлықтар табыстау;
  • 29 мамыр – Балаларды қорғау күніне арналған «Елімай» демалыс базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мерекелік іс-шара.

Қарт адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар:

  • мерейтой иелері мен жұбайларды құттықтау;
  • жалғыз басты қарттарға көмек көрсету мақсатында мектеп оқушыларымен «Тимуршылар» акциясын өткізу.

Қаржыландыру:

2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 299 905,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде:

  • жергілікті бюджеттен – 155 897,0 мың теңге;
  • облыстық бюджеттен – 143 863,0 мың теңге;
  • республикалық бюджеттен – 145,0 мың теңге.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бюджет қаражатының 99,8%-ы игерілген:

  • Жоспарланғаны – 112 646,0 мың теңге;
  • Нақты игерілгені – 112 453,1 мың теңге.
Документы
Ақпарат
11 июня 2025
«Абай облысы Бесқарағай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы