
2024 жылғы 4 шілдеде Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров, сондай-ақ Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жаңасемей аудандары мен Семей және Курчатов қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары келді.
Жұмыс сапары барысында ҚР ОСК төрағасы Н.М.Әбдіров Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс кабинеттеріне Бесқарағай ауданының әкімі Т. Б. Мұратовпен бірге барды, содан кейін Бесқарағай колледжінің конференц залында Абай облысының аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен және мүшелерімен кездесу өткізді.
Сондай-ақ, Бесқарағай ауданының белсенді жастарымен кездесу өткізілді, онда ҚР ОСК төрағасы Н.М.Әбдіров Қазақстан Республикасының сайлау процесіндегі және басқа мемлекеттердің (Венгрия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей және т. б.) сайлау жүйесіндегі жаңалықтармен қысқаша таныстырды. Кездесу соңында Бесқарағай ауданы жастарының сұрақтарына толық жауап берді. Аудан жастары өте белсенді болды және олар көптеген сұрақтар қойды.
Кездесу соңында Нұрлан Мәжитұлы Бесқарағай ауданының үздік жастарына "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 30 жыл", Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін трансформациялауды, сондай-ақ 2012-2023 жылдары өткізілген сайлау мен референдумдар туралы ақпараттық жинақты, ғылыми кітаптарын табыс етті.