Бесқарағай ауданының ауданы 1 137 376,7 га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 463,4 мың га; елді мекендердің жерлері 212,0 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 392,4 мың га; қордағы жерлер 62,7 мың га; өнеркәсіп жерлері 3,0 мың га.
Ауданда 326,3 мың га алаңда 478 шаруа және фермер қожалықтары және 137,0 мың га алаңда 47 ауыл шаруашылығы ұйымдары жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі егістік жерлердің ауданы 80,8 мың га, шабындықтар 10,7 мың га, жайылым 347,0 мың га, өзге де жерлер 3,8 мың га құрайды.
Елді мекендер жеріндегі жайылымдар ауданы 196,4 мың га құрайды.
Халықтың аналық мал басы елді мекендерге жақын жайылымдармен толық қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлері үшін шалғай учаскелерде жайылымға шығу мүмкіндігі бар.
2026 жылдың 8 айында жалпы ауданы 2991,0 га 9 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының сәйкестендіру құжаттарымен қамтамасыз етілуі 100% -. құрайды.
Жер учаскелерін беруге кезек жоқ. Келіп түскен өтініштер ҚР жер заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде қаралады.
ВҚазақстан Республикасының жер кодексінің 19.37,43- баптарына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін жеке меншік құқығына жер телімін беру туралы өтінішпен сәйкес келетін ауылдық округтің әкімі аппаратына жүгініммен шығу қажет