СПОРТ
Бұқаралық спортты дамыту және халықтың дене шынықтырумен айналысуына қолжетімді жағдайлар жасау мақсатында Бесқарағай ауданы аумағында 70 спорт нысаны жұмыс істейді. Атап айтқанда:
1 спорт кешені бар, ол оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге, аудандық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға, сондай-ақ халықтың әртүрлі санаттары арасында дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуге пайдаланылады;
39 жазық типтегі спорт нысаны, оның ішінде:
1 спорттық ядро,
20 спорт алаңы,
18 шағын футбол алаңы;
30 спорт залы, оның ішінде:
25 спорт залы жалпы білім беретін мектептерде орналасқан;
1 спорт залы колледж базасында жұмыс істейді;
2 спорт залы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) базасында;
2 спорт залы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде орналасқан.
Оқушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыру мақсатында ауданда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Аталған мекемеде спорттың 5 түрі бойынша оқу-жаттығу сабақтары жүргізіледі: еркін күрес, жеңіл атлетика, волейбол, футбол және қазақша күрес.
Жаттықтырушылар құрамы 21 адамды құрайды, оның ішінде 6 штаттық жаттықтырушы-оқытушы, 15 – қосымша жұмыс атқаратын мамандар.
Жалпы тәрбиеленушілер саны 380 адам, оның ішінде:
қазақша күрес – 82 адам,
еркін күрес – 134 адам,
жеңіл атлетика – 14 адам,
волейбол – 118 адам,
футбол – 32 адам.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ауданда 13 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны 6 867 адамды құрайды, бұл аудан халқының жалпы санының 41,6 пайызын құрайды.
Сонымен қатар, ауданда бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында жаңа спорттық клуб ашылды. Аталған клуб тұрғындарды спортқа кеңінен тартуға, сондай-ақ ұлттық ойындарды насихаттауға бағытталған.
Қазіргі уақытта Бесқарағай ауылында жүзу бассейнінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылғы мамыр айында басталды. Бүгінгі таңда жұмыстардың 80 пайызы орындалды. Құрылыс нысанын 2026 жылғы маусым айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Абай облысы Бесқарағай ауданының Ерназар ауылында спорттық модульдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылғы қазан айында қолға алынды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Туризм
Бесқарағай ауданының туристік әлеуеті кезең-кезеңімен дамып келеді. Аудан аумағында қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсететін бірқатар рекреациялық және сауықтыру мекемелері жұмыс істейді.
Атап айтқанда, "Мир", "Ертіс жағалау" Қонақ үйлері, сондай-ақ "KISLOROD", "Елімай", "Zhylandy Eco Village" демалыс базасының туристік кешендері мен Шипалы көлінің аудан экономикасына серпін беруге толық мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, өскелең ұрпақтың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында тұрақты негізде "Радуга" және "Жас Қанат" балалар-сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Бұл лагерьлер балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың шығармашылық және жеке дамуына ерекше үлес қосады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туризм шеңберінде қызмет көрсетілген орналастыру орындарының саны 2 259 адамды құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 154% - ға артық. Көрсетілген кезеңде көрсетілген қызметтер көлемі - 95 205,6 мың теңгені құрады.
Туризмді дамыту аясында ауданда 2022 жылдан бастап "Тоқаш Ана" шипажайы ашылып, жұмыс істейді, емдеу-сауықтыру туризмін дамытуда.
Сондай-ақ, "Барқытбел" дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кешен аумағында демалушыларға арналған қонақ үй кешені мен жеке коттедждер, киіз үй стиліндегі дәстүрлі ұлттық стильде салынған мейрамхана және жазғы беседкалар қарастырылған.
Ағымдағы жылы аудан аумағында туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Атап айтқанда, жеке кәсіпкер «Қажиев» "Омбы – Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында 1907 жылы тұрғызылған Республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш-Ақкөл мешіті ауданында сервистік кешен салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны-300 млн теңге.
Аудан аумағында Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, аудан орталығынан 85 шақырым жерде, "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орналасқан бірегей табиғи объект болып табылатын Шипалы емдік-сауықтыру тұзды көлі бар. Көл суы мен балшықтың емдік қасиеттері кеңінен танымал, бұл өз кезегінде емдік-сауықтыру туризмін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.
Осы әлеуетті тиімді пайдалану мақсатында 2026-2028 жылдары "Aisua Trade" ЖШС "Шипалы көлінің жанында балшықпен емдейтін және демалыс аймағы бар шипажай салу"ірі инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 4,0 млрд теңгені құрайды.
Жоба аясында заманауи балшықпен емдеу орталығы, санаторий кешені және кеңейтілген демалыс аймағы салынады. Шипалы көліне келушілер саны жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың жазғы маусымында көлге 19 мыңға жуық адам келді.
Абай облысы әкімдігінің Шипалы көліне электрмен жабдықтауды жүргізу жөніндегі қаулысына сәйкес инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілді. Жобаның жалпы құны-197,0 млн. теңге.
Қазіргі уақытта көлге электр қуатын жеткізу жобасы бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Конкурстық рәсімдер Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Конкурстық рәсімдердің қорытындысына сәйкес мердігер ұйым анықталғаннан кейін Құрылыс - монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.