Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет

«Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ  қызметі жөнінде ақпарат

 

Бөлім жұмысы Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ол мәдени мұраны сақтауға, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға және мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік  саладағы жұмыс тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, бос уақытты ұйымдастыруға және аймақтың дәстүрлерін сақтауға бағытталған.

 

ІШКІ САЯСАТ

Бесқарағай ауданындағы қоғамдық –саяси жағдай тұрақты, рұқсат етілмеген бейбіт жиындар тіркелмеген. 

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу және тұрғындардың наразылығынан туындаған наразылық тудыруы мүмкін жүйелі проблемалық мәселелерді шешу үшін профилактикалық шаралар кешенін қабылдауда.

Ағымдағы жылы Бесқарағай ауданы әкімдігіне бейбіт жиындарды өткізу туралы хабарлама түскен жоқ.

Ақпараттық жұмыс

Бесқарағай ауданының ақпараттық саласы 2 бұқаралық ақпарат құралдарымен жүргізіледі, оның ішінде: 1 аудандық газет, 1 ақпараттық сайт (Бесқарағай ауданы әкімінің сайты). 2 меншікті тілші (қаз, орыс) бар.

Аудандық «Біздің Бесқарағай» газеті бар. Басылым мемлекеттік және орыс тілдерінде аптасына бір рет (сәрсенбі күні) шығады.

Бесқарағай ауданы аумағында көрнекі ақпаратты орнластыру мақсатында барлығы 80 баннерлік конструкция (оның ішінде екі жақтысы – 53, бір жақтысы – 27) орнатылған. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйі ғимараты мен «Таза Қазақстан» орталық саябағында 2 Led-экран орнатылған.

Әлеуметтік желілердегі жұмыс.

Халықты кеңінен қамту үшін әлеуметтік желілерде белгілі жұмыстар жүргізілуде. Ауданда әлеуметтік желілердегі жағымды және жағымсыз  сипаттағы 31 парақша тіркелген, ондағы тіркелген оқырмандар саны  31 мыңнан асады. Барлық Instagram, Facebook және Telegram-да әкімдіктің әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында жарияланады. Әлеуметтік желілерде Бесқарағай ауданы мен 10 ауылдық округ әкімдіктерінің аккаунттары бар, онда 16003 жазылушы қамтылған. Бесқарағай ауданы әкімдігінің Инстаграмдағы рсеми парақшасында 7408 оқырман, Телеграм каналындағы «Besqaragai aqparat» парақшасында 2276 оқырман тіркелген.

 

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Аудандық Жастар ресурстық орталығы 2013 жылдан бастап қызмет атқарады.

Ресми статистикаға сәйкес, Бесқарағай ауданында 3993 жас бар, бұл аудан халқының жалпы санының 23,73 пайызын құрайды. Ауданда 1359 жас тұрақты түрде еңбек етуде, олардың 191-і білім саласында, 62-сі денсаулық сақтау саласында, 25-і құқық қорғау органдарында, 98-і әскери қызметте, 40-ы мәдениет саласында, 13-і спорт бағытында, 86-сы шағын және орта бизнес саласында, ал 27-сі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Бұдан бөлек, ауданда 713 студент білім алуда.

2025–2026 жылдар аралығында жастар арасындағы негізгі көрсеткіштерде оң динамика байқалады.2025 жылы NEET санатындағы жастардың саны 111 адамды құраса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 68 адамға дейін төмендеген. Яғни, есепті кезеңде олардың саны 43 адамға азайып, айтарлықтай қысқарғаны байқалады.Сонымен қатар, 2026 жылдың 2 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 14 жұмыс беруші мен 60 жас қатысты. 2026 жылға “Жасыл ел” бағдарламасы аясында 100 жасты жұмыспен қамту жоспарланған.

Жалпы алғанда, есепті кезеңде Жастар ресурстық орталығымен 1194 жасты қамти отырып, 70 іс-шара өткізілді. Аталған іс-шаралар шеңберінде жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін дамыту, еңбек нарығына бейімдеу және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жастар арасында өзекті мәселелерді талқылау, олардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеру мақсатында кездесулер мен тренингтер өткізілді. Бұл өз кезегінде жастардың әлеуетін арттыруға, оларды қоғам өміріне белсенді тартуға және жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді алаң қалыптастыруға мүмкіндік берді.

 

 

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Бесқарағай ауданында мәдениет мекемелерінің желісінде – 31 мәдени мекеме жұмыс істейді. Атап айтса: аудандық мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб (Бөдене, Бөкебай, Бозтал, Долон, Қара Мырза, Қоянбай, Өндіріс, Канонерка, Қарағайлы, Малая Владимировка ауылдарында), Бесқарағай ауданының Орталық аудандық кітапханасы,  18 ауылдық кітапхана (Канонерка, Малая Владимировка, Башкөл, Қарағайлы, Глуховка, Долон, Мостик, Бөдене, Қара- Мырза, Беген, Қарабас, Өндіріс, Жетіжар, Лесной, Кривинка, Ерназар, Қоянбай, Бозтал ауылдарында.), 1 коворкинг орталығы.

2026 жылдың бірінші тоқсанында 157-ге жуық түрлі мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Штаттық көрсеткіштер:

  • «Бесқарағай ауданының аудандық Мәдениет үйі» МКҚМ-нде 62,75 штаттық бірлік;
  • «Бесқарағай ауданының Орталық аудандық кітапханасы» КММ-нде 30,75 штаттық бірлік.

Аудандық Мәдениет үйінде «Экситон» халық би ансамблі және «Чародеи» балалар би тобы жұмыс жасайды.  Орталық аудандық кітапханасында 15 үйірме: «Жасқалам», «Ақбота», «Тарихымды танып біл», «Бәрін білгім келеді», «Тоғыз құмалақ», «Асық ойнау» , «Кітап оқу», «Дауыстап оқу», «Қолөнер», «Шахмат ойнау», «Сурет салу» және т.б. үйірмелері қызмет етуде.

 

АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІ

2026 жылдың бірінші тоқсанында аудандық орталық кітапхананың оқырмандар саны 1052 адамды құрады. Интернет-сыныпты пайдаланушылар саны – 726 адам.

Кітап қорының жалпы көлемі 196 433 дана, оның ішінде:

  • мемлекеттік тілдегі әдебиеттер – 113 041 дана,
  • балалар әдебиеті – 10 287 дана.

Негізгі басым бағыттар бойынша 152 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 3149 адам қатысты. Аудандағы 19 кітапхананың 16-і интернет желісіне қосылған. Оның ішінде Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында 2 интернет желісіне қосылған, 13 кітапхана мектеп интернетін, 1 кітапхана әкімдік интернетін пайдаланады.

 

Документы
Ақпарат
15 сентября 2026
«Бесқарағай ауданының Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақпарат
15 сентября 2026
«Бесқарағай ауданының аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
Ақпарат
20 октября 2025
Қоғамдық медиаторлар тізілімі
Новости
Полезные материалы
Мәдениет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Бесқарағай аудандық орталық кітапхана" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Абай облысының Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы