Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Образование

Бесқарағай ауданында 21 жалпы білім беретін мектеп (8 негізгі және 13 орта), сондай-ақ 2 қосымша білім беру ұйымы (Шығармашылық үйі мен Балалар өнер мектебі) жұмыс жасайды. Оқушылардың жалпы саны 2584 баланы құрайды. Аудан бойынша 20 мектеп бірінші ауысымда және 1 мектеп екі ауысымда оқиды, үш ауысымды мектептер жоқ.

Сондай-ақ 3 мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемесі (1 мемлекеттік және 2 жекеменшік) мен жалпы білім беретін мектептер жанында жұмыс істейтін 20 шағын орталық бар.

Мектептерді жаңғырту аясында 2025 жылы 2 жалпы білім беретін мекемеде жалпы сомасы 281,742 мың теңгеге шатырды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, мектептерді ағымдағы жөндеу жұмыстары мен жылу қазандықтарына 150,131 мың теңге бөлініп, 17 мектептегі 34 жобаны қамтыды. Сол жылы жалпы сомасы 98 миллион теңгеге 18 оқу кабинеті сатып алынды. 2026 жылы 3 білім беру мекемесінің жылу қазандықтарын жөндеуге 67,107 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ Малая Владимировка орта мектебінің электр жүйесін жөндеуге 10 миллион теңге бағытталды.

Ауданда 623 педагог еңбек етеді. Мұғалімдердің сапалық құрамы келесідей: 1 педагог-шебер (0,1%), 93 педагог-зерттеуші (15,1%), 137 педагог-сарапшы (21,0%), 223 педагог-модератор (32,6%) және санатсыз 169 мұғалім (22,8%).

Тұрақты интернет байланысы мәселесін шешу үшін ауданның 17 мектебі «Старлинк» спутниктік жүйесіне қосылды. Бұл білім беру сапасын арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушыларға онлайн-ресурстарды, қашықтан оқыту платформаларын және заманауи білім беру құралдарын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Барлық білім беру мекемелерінде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Тегін ыстық тамақпен 1405 бала қамтамасыз етілген, оның ішінде 1–4 сыныптардағы 951 оқушы және әлеуметтік осал топтардан 5–11 сыныптардағы 454 оқушы бар.

Аудан бойынша түлектер саны — 168 бала (2025 жылы — 166). Оның ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны — 19 (2025 жылы — 12), ал үздік аттестатқа — 11 оқушы (2025 жылы — 29). 2025-2026 оқу жылының 3-тоқсанының соңы бойынша білім сапасы 70,6%-ды құрады (2024-2025 оқу жылында бұл көрсеткіш 73,5% болған, динамиканың төмендеуі 3,1%-ды құрады).

Аудан бойынша мектептері жоқ 12 елді мекеннен 191 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған. Балаларды тасымалдау 8 автобус және 4 «Газель» автокөлігімен жүзеге асырылады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан мектептерінде Жедел әрекет ету орталығына қосылған 734 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде лицензияланған күзет 100% қамтамасыз етілген. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауданның барлық білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымы 100% қауіпсіздендірілген.

Документы
Ақпарат
27 июня 2025
Аудан мектептері
Ақпарат
26 июня 2025
Мектепке дейінгі тәрбие
Ақпарат
05 июня 2025
Білім
Новости
Полезные материалы
Бесқарағай  аудандық білім  беру  бөлімімен  2020 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар  бойынша  ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы