2026 жылғы қаңтар–шілде айларында Бесқарағай ауданы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) жалпы көлемі 1 302,8 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі (НКИ) – 123,5%.
Ауданның өңдеу өнеркәсібінің көлемі ағымдағы жылдың қаңтар–шілде айларында 737,4 млн теңгені құрады. (НКИ) – 100,0%.
Долон ауылдық округінде «ГРК Электрум» ЖШС Көл гранит кен орнында қиыршық тас өндірумен айналысады. «Сол жағалаудағы Әктас» кен орнында «Tas Stroy» ЖШС әктас өндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ «Чимги-Тура» кен орнында «Nigma EX» ЖШС құрылыс тасын (жолға арналған қиыршық тас) өндірумен айналысады.
Жетіжар ауылдық округінде «Гегемон» ЖШС құм-қиыршық тас қоспасын (ҚҚҚ) өндірумен айналысады.
2026 жылғы қаңтар–шілде айларында кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 265,9 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 180,3%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 167 бірлікті құрады, оның ішінде: заңды тұлғалар – 123 бірлік, жеке кәсіпкерлер – 509 бірлік, шаруа және фермер қожалықтары – 535 бірлік.
Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында аудан кәсіпкерлері агроөнеркәсіптік кешен және кәсіпкерлік салаларындағы мемлекеттік несиелендіру бағдарламаларына қатысуда.
2026 жылы «Кең Дала-2» бағдарламасы бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге аудан бойынша 27 шаруа қожалығына жалпы сомасы 3,148 млрд теңге көлемінде несие берілді.
Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша «Семей» ӘКК арқылы 85,9 млн теңге сомасында несие алды.