
Тастенбеков Алмас Танибекович 1989 жылғы 15 шілдеде бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген, төрт жоғары білімі бар.
2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша,
2011 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялау және барлау» мамандығы бойынша,
2018 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін (магистратура) «Экономика» мамандығы бойынша,
2021 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2008 жылғы маусым айында «Қазақстан–Ресей сервистік компаниясы «Тюменьпромгеофизика» ЖШС-де каротажшы ретінде бастаған.
2010 жылғы қаңтар айынан бастап 2011 жылғы сәуір айына дейін – Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратында жұмылдыру даярлығы жөніндегі инспектор,
2011 жылғы сәуір айынан бастап 2012 жылғы сәуір айына дейін – Бесқарағай ауданы Глуховқа ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман,
2012 жылғы сәуірден 2013 жылғы маусымға дейін – Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі әкімнің көмекшісі,
2014 жылғы мамырдан 2015 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласындағы органдарында қызмет атқарған,
2015 жылғы қыркүйектен бастап 2017 жылғы тамызға дейін – Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы,
2017 жылғы тамыздан 2022 жылғы 24 ақпанға дейін – Глуховқа ауылдық округінің әкімі,
2022 - 2024 жылдары аралығында – Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары,
2025 жылғы қаңтардан мамыр айына дейін – Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімі,
2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы 1 сәуірге дейін – Абай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл, мемлекеттік қызметтегі өтілі – 13 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдардағы еңбек өтілі 10 жылдан астам.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.