GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер
15 мая 2026
eGov Mobile қосымшасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі қолжетімді болды

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар енді әлеуметтік көмек алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болатын. Енді өтінішті тікелей смартфоннан рәсімдеуге болады.

Әлеуметтік көмек – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін ақшалай төлем немесе материалдық қолдау. Қызметтің мобильді форматқа көшуі мұндай көмекті алу процесін анағұрлым жеңіл әрі ыңғайлы етеді. Өтінішті кез келген уақытта және кез келген жерден беруге болады, ал рәсімдеу уақыты едәуір қысқарады.

Мәслихаттардың шешімдері бойынша әлеуметтік көмек қосымша қолдауға мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға, сондай-ақ табысы төмен отбасыларға көрсетіледі.

Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, «eGov мемлекеттік қызметтер» – «Арнайы қызметтер» бөліміне өту;
  • «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру;
  • қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен өтінімді растау;
  • «Қызметтер тарихы» бөлімінде өтініштің өңделу мәртебесі туралы хабарламамен танысу қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі ретінде әлеуметтік көмектің тағайындалғаны туралы хабарлама немесе өтініштің қанағаттандырылмағаны жөнінде негізделген жауап беріледі.

Өтініш берілгеннен кейін ол уәкілетті орган тарапынан қаралады. Шешім отбасының табыс деңгейін және белгіленген өзге де өлшемдерді ескере отырып қабылданады. Өтінішті қарау мерзімі – 8 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер
15 мая 2026
Еңбек иммигранттарына арналған мемлекеттік қызмет толықтай онлайн форматқа көшіріледі

2026 жылғы 13 сәуірден бастап Қазақстанда еңбек иммигранттарына жұмысқа рұқсат беру және оны ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет ХҚКО-ларда қолжетімсіз болып, өтінімді тек онлайн түрде беруге болады.

Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту қызметі онлайн форматқа ауыстырылып, тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болды. Жаңарту Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігін жойып, құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетті.

Енді шетел азаматтары Қазақстан аумағында жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін рұқсатты онлайн түрде рәсімдей немесе ұзарта алады. Пайдаланушыларға кейбір құжаттарды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. Мысалы, медициналық анықтама мен сақтандыру туралы мәліметтер мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде тартылатын болады. Бұл өтінім беру уақытын қысқартып, қателіктердің туындау ықтималдығын азайтады.

Рұқсат беру немесе оны ұзарту туралы шешімді аудан және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ішкі істер органдарымен келісу арқылы қабылдайды. Рұқсат еңбек иммигранттарын тартуға белгіленген квота шегінде 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Мемлекеттік қызметті алу бойынша қосымша ақпарат eGov.kz порталында және оның әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Ішкі саясат
16 марта 2026
«Steppe Games» – қазақ тілін үйренудегі жаңа формат

Steppe Games қазақ тілін үйретеді және мәдени дәстүрлермен таныстырады.

Ойын білім беру мазмұнын заманауи ойын механикаларымен үйлестіріп, оқу үдерісін қызықты саяхатқа айналдырады. Осы инновациялық тәсілдің арқасында балалар қазақ тілі мен мәдениетін оңай әрі табиғи түрде меңгереді.

Ойынның ерекшелігін айқындайтын басты қырлары – тарих пен этнография, мәдени ортаға терең бойлау, ұлттық ойындар және географиялық таным.

Сонымен қатар диалогтар, сюжеттік желілер мен кейіпкерлер қазақ тілін жеңіл әрі қызықты үйренуге мүмкіндік береді.

Steppe Games 6 жастан асқан, тілді меңгеру деңгейі әртүрлі балаларға арналған.

Қосымша Google Play және Apple App Store платформаларында қолжетімді.

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.SteppeGame

https://apps.apple.com/us/app/steppe-games/id6739248475

Ойын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан әзірленген.

Ішкі саясат
16 марта 2026
«Steppe Rider» ойынымен қазақ тілін үйрен

Steppe Rider – раннер мен викторина элементтері үйлесімі арқылы қазақ тілін ойын элементтері арқылы үйренуге арналған жоба. Ойыншы қар барысымен бірге саяхат жасап, тапсырмаларды орындайды, әріптер мен сөздерді жинайды, жаңа тақырыптар мен деңгейлерді ашады.

Ойынның ерекшеліктері:

🏃 Сөз құрастыру тапсырмалары бар динамикалық раннер.

🧠 Аударма және тыңдалымға арналған викториналар.

🏅 Қиындық деңгейлері: жеңіл, орташа және күрделі.

🐆 Барсик – сіздің көмекшіңіз әрі ынталандырушыңыз.

🏆 Жетістіктер жүйесі, рейтингтер және ойын ішіндегі валюта – асықтар.

🌍 Тақырыптық модульдер: отбасы, табиғат, жануарлар, тағам және тағы басқа.

Steppe Rider балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған.

Жарқын визуалды стиль мен ұлттық нақыштар оқуды жеңіл әрі қызықты етеді, ал ойын процесі тіл үйренуді нағыз шытырман жарысқа айналдырады.

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.Crocos.SteppRider

https://apps.apple.com/kz/app/steppe-rider/id6755038241

https://store.steampowered.com/app/4065480/Steppe_Rider/?l=russian

Ойын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.

 

Ішкі саясат
03 февраля 2026
Аягөз ауданы әкімінің халықпен кездесуі

Аягөз ауданының әкімінің міндетін атқарушы Нұғымаров Айбек Серікболұлы Тарбағатай ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Мемлекеттік қызметтер
24 декабря 2025
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады.Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа дафактілер бойынша өтініш жіберуге болады.

Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.

Мемлекеттік қызметтер
10 октября 2025
eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.

Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.

Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.

Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;
  • «Отбасы» санатынан қамқоршылық немесе қорғаншылық туралы мәліметтермен танысу;
  • егер құжат көрсетілмесе – «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қызметтер
10 октября 2025
Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсатты eGov Mobile арқылы рәсімдей алады

Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкі мен әлеуметтік төлемдерін басқаруға рұқсат алу қызметін тек eGov.kz порталынан ғана емес, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да пайдалана алады.

Қызмет сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетке қабілетті деп танылған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін көрсетіледі және зейнетақы мен жәрдемақыны алу, мүлікті сату сияқты түрлі әрекеттер үшін рұқсат рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияның арқасында өтінішті толтыру кезінде кейбір деректер автоматты түрде жүктеледі. Бұл өтініш беру үдерісін жеңілдетіп, қателік жасау ықтималдығын төмендетеді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, «Қызметтер» – «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» бөлімін таңдау қажет;
  • «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкіне иелік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуына рұқсат ету» қызметін таңдау;
  • өтініштегі қажетті жолдарды толтыру;
  • басқару түрін таңдап, тиісті ақпаратты толтырып, «Келесі» батырмасын басу;
  • қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінішті растау қажет.

Өтініш қаралғаннан кейін жеке кабинеттегі «Қызметті көрсету тарихы» бөлімінде электрондық түрде бұйрық немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.

Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді. Іске қосылған сәттен бастап бұл қызметті 460-тан астам рет пайдаланды.

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылды.

 

Мемлекеттік қызметтер
10 октября 2025
Поликлиникаға тіркелуді eGov.kz пен eGov Mobile арқылы онлайн рәсімдеуге болады

1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтеді. Осы кезеңде азаматтар өз поликлиникасын ауыстыруға мүмкіндік алады. Бұл рәсімді толықтай онлайн режимде – eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болады.

Қызмет поликлиникаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалған дәрігерге сәйкес медициналық қызмет көрсету аумағы жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Науқан қорытындылары келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Алдыңғы ұйымнан тіркеуден шығару жаңа өтінім расталғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.

Науқаннан тыс уақытта да поликлиниканы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ поликлиника қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолдануға болады.

Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімін ашу қажет;
  • «Поликлиникаға тіркелу» қызметін таңдап, қажетті өрістерді толтыру қажет;
  • өтінімге қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қою қажет;
  • «Көрсетілген қызметтер тарихы» бөлімінде белгіленген уақыт ішінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуға болады.

Қызметті eGov Mobile қосымшасында пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «eGov мемлекеттік қызметтері» – «Денсаулық сақтау» бөліміне өту қажет;
  • «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, қажетті деректерді енгізу қажет;
  • қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;
  • өтінімнің өңделу мәртебесін «Қызметтер тарихы» бөлімінен қадағалауға болады.

Қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін статистика да дәлелдейді. 2024 жылы тіркелу қызметін 3,6 млн-нан астам рет пайдаланды: олардың 2 905 013-і eGov.kz порталында, 722 198-і eGov Mobile қосымшасында рәсімделді. 2025 жылы (шілде айына дейін) портал арқылы 1 135 628, ал мобильді қосымша арқылы 1 046 354 өтінім қабылданды.

Әдеттегідей ең жоғары белсенділік науқан кезеңінде байқалады. Мәселен, 2024 жылы қыркүйекте – 495 мың, қазанда – 502 мың, қарашада – 159 мың өтінім тіркелген.

Еске саламыз, қызмет арқылы кәмелетке толмаған балаларды және 18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарды олардың қамқоршылары онлайн түрде поликлиникаға тіркей алады.

Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асырылды.

 

Мемлекеттік қызметтер
18 июля 2025
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады.

Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы