Меню

Страницы

Статья

Мәдениет және спорт

Ауылдағы мәдени және спорттық іс-шаралар жыл басында жоспарланып өткізіліп отырады. Тарбағатай ауылында Мәдениет үйі бар, ішінде кітапхана орналасқан, кітап қоры -18 034.

Тарбағатай ауылында стрит воркаут, шағын футбол алаңы нысандары бар. Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі спорт залында  спорттың  5  түрінен  (күрес, қазақ  күресі, футбол,  волейбол, баскетбол) жаттығу жасайды.

2024 жылы өткізілген іс-шаралар:

  1. 20 жылдық түлектер спорттық іс-шаралар ( ат жарыс, арқан тарту, қол күрес, волейбол) өткізілді.
  2. Тамыз айының 18-19-да Санияз төреге ас берілп, Аламан бәйге, тай бәйге ұйымдастырылды.
  3. Ауылдың тумасы Тоқтағазин Мұратбек мектеп кітапханасына 1000 кітап сиға тартты.

12  қаңтар  күні  Тарбағатай  ауылдық  кітапханасында «Отаным менің Қазақстаным» атты кітап көрме  ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты : Тәуелсіз Қазақстанның  тарихымен , сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси,  рухани өміріндегі  өзгерістермен таныстыру.

18 қаңтар күні Тарбағатай  ауылдық  кітапханасында  «Туған  жерге тағзым » Аягоз  ауданының құрылғанына 95 жыл  толуына  арнаған бейнешолу   ұйымдастырылды.

2024 жылы 22 наурыз күні  Тарбағатай  ауылында  наурыз  мерекесіне  орай   мерекелік  іс-шара өткізілді . "Ата дәстүр асыл қазына" атты  кітап  көрмесі  ұйымдастырылды.  

28 сәуір 2024 жылы Тарбағатай ауылында 1 мамыр мерекесіне арналған іс-шара өтті.

5 мамыр 2024 жылы  Тарбағатай  ауылдық   мәдениет  үйінде  7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне  арналған "Ұранды ердің-ұрпағы қайсар" тақырыбында   мерекелік кеш  өтті. Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.

1 маусым  2024 жылы  Тарбағатай  ауылдық   мәдениет  үйінде  1-маусым – Халықаралық  балаларды  қорғау  күніне  арналған « Бар мейіріміміз балаларға»   атты  ертеңгілік   өтті.

4 маусым  күні  Тарбағатай  ауылында   Рәміздер  күніне  арналған  Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы    атты  іс-  шара  өтті. Мектеп  оқушылыры   және  мұғалімдер   қатысты .Мемлекеттік  рәміздерді   қадірлеу    тәуелсіз  Қазақстанның  әрбір  азаматының   қасиетті  борышы.

10 қазан  2024 жыл  Тарбағатай  ауылында  Мұхамед Пайғамбарымыздың туған күні, «Мәуліт» мерекесі аталып өтті.

Дата публикации
16 февраля 2024
Дата обновления
27 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
12 декабря 2024
Аягөз ауданы бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі халықтын көші-қоны
Бағыттар
12 декабря 2024
Мемлекеттік қызметтер
Инфографика
23 октября 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы