Меню

Страницы

Статья

Тарбағатай ауылдық округінің өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

Ауылда қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында Ауыл әкімі жанындағы, жастар ісі жөніндегі Кеңес, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі кеңес, қоғамдық кеңес, ақсақалдар кеңесі жұмыс жасайды.

Ауылда өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік  іс шараларға   ақсақалдар алқасы, жастар  белсенді түрде қатысады және олардың әлеуеті қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау үшін кеңінен пайдаланылады.

Ауылдық округте 1 мешіт бар.

Ауыл әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылған.

Ауылдық округте Қазақстан Республикасы  мемлекеттік рәміздердің заңға сай орналасуы тексеріліп, рәміздердің жәй-күйіне нақтылы мониторинг  үнемі жүргізіледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік нышандарын қолдану саласындағы орын алған заң бұзушылық фактілерін жою үшін 2019 жылы  атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалды, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп мемлекеттік рәміздердің белгіленген стандарттарға және орналастыру ережелеріне сәйкестігін тексеру бойынша мониторинг жүргізілуде. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы ескірген мемлекеттік рәміздер уақытылы ауыстырылып отырады. Мемлекет басшысы бейнеленген сыртқы үгіт құралдарының орналастырылуына тұрақты түрде бақылау жүргізілуде. 4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күні.. Мерекелік шарада еліміздің Рәміздері ұлықталып, Мемлекеттік Гимн шырқалды.

Жастар саясаты

Жалпы ауылдық округте  1467 халық болса, оның  364-і 14-29 аралығындағы жастар.

Ауылдық округте: студенттер саны –90 , 14-17 жас аралығындағы оқушылар саны – 88.     

 

 Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі спорт залында  спорттың  5  түрінен  (күрес, қазақ  күресі, футбол,  волейбол, баскетбол) жаттығу жасайды.

Жастар арасында қылмыстың алдын алу шаралары бойынша құқықтық үгіт насихаттарын іске асыруға және олардың құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктері жөніндегі ақпарат беру үшін құқық қорғау органдарымен тығыз қарым қатынас орнатылған. Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

 

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға тартылған жастар саны 2024 жылы 2 адам. Оның ішінде 2 маман –білім беру саласына қызмет жасауға келді.

Негізінен ауылдағы мәдени және спорттық іс-шаралар жыл басында жоспарланып өткізіліп отырады. Мәдениет үйінің ішінде кітапхана орналасқан, кітап қоры -18 034,  1 кітапханашы жұмыс істейді.

 «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2024 жылы атқарылған жұмыстар:

  1. 20 жылдық түлектер Тарбағатай жалпы орта мектебіне 200 мың теңгеге шағын орталығы балаларға ойыншықтар сыйлады. Спорттық іс-шаралар ( ат жарыс, арқан тарту, қол күрес, волейбол) 1 700 000 теңгеге өткізілді.
  2. 40 жылдық түлектер ауылдың кіре берісіне 1 млн теңгеге киіз үй орнатты.
  3. Санияз төре ұрпақтарының демеушілігімен 200 000 теңгеге орталық саябаққа су жүйесі тартылып, су құятын цистерна алынды. 50түп қарағаш және терек ағашы егілді.Гүлзарлар отырғызылды.Тамыз айының 18-19-да Санияз төреге ас берілп, Аламан бәйге, тай бәйге ұйымдастырылды, демеушілік қоры 40 млн теңге.
  4. Аудандық маслихат депутаты А.Түсіповтің демеушілігімен 70 түп шынар ағашы егілді.
  5. Семей жол құрылыс компаниясының басшысы Б.Қайранбаевтың демеушілігімен және ауыл азаматтары көмегінің арқасында ауыл көше жолдары тегістеліп, жөнделді.

5.Ауыл көшелерін жарықтандыру ұшін 80 көше шамдары ауыстырылып жаңартылды, 800 000 теңгеге, 500 000 теңгеге ГЕО KZ компаниясы, қалғаны Омарғазин, Сүйіндіков ұрпақтары демеушілік жасады.

 

Ауыл азаматтарының демеушілігімен:

1.Ауылдың тумасы Тоқтағазин Мұратбек мектеп кітапханасына 1000 кітап сиға тартты.

2.Ауыл азаматтарының демеушілігімен10 кабинетке 500 000 теңгеге жалюз сатып алынды.

3.Тарих кабинетіне 200 000 теңгеге стендтер орнатылды.

  1. Кәсіпкер Өзбеков Нұрболдың демеушілгімен мешітке 4 тонна көмір түсірілді.
  2. «Кәусар» шаруа қожалығы Басшысы Молдабаев Бақытжан 25 балаға сыйлық жасады, «Жарқын» шаруа қожалығының басшысы Курманбаев Талгат 70 балаға сыйлық жасады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 февраля 2024
Дата обновления
27 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
12 декабря 2024
Аягөз ауданы бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі халықтын көші-қоны
Бағыттар
12 декабря 2024
Мемлекеттік қызметтер
Инфографика
23 октября 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы