Ауыл экономикасын әлеуметтік жағдайын көтеруде мал шаруашылығының алатын орны орасан зор. Негізгі тіршілік көзі мал өнімдері. Жеріміздің жағдайы да осы мал өсіруге қолайлы екені белгілі. Барлық жер көлемі 184 313 га.
1. Елді мекенде жеке меншік мал жаюға маусымдық жайылымдық жер көлемі 37 300 га.
Елді мекендердің малын жаюға берілген жер: Тарбағатай - 14000 га, Малтүгел - 3000 га, Абдан - 2800 га, Ақшоқы - 3600 га, Орта-арал - 3200 га.
Маусымдық жайылымдық жерлер: Еспеде -1400 га, Шөпті көл - 1800 га, Қос жігіт - 1500 га, Жіңішке - 2000 га, Ұялы - 500 га, Қара бұлақ - 500 га, Обалы - 1000 га, Молбастау - 2000 га.
2. Миграциялық жер- 13455 га
3. Арнайы жер қоры-18247 га
4. Орман-тоғай жері-2060га
5. Су бойы бұлақ бойы-612 га
6. Бақшалық жер-32 га
7. Басқадай жарамсыз жер-7624 га
8. Қожалықтарға берілген жерлер-104723 га
9. Иесіз бос жер-2510 га