Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Экономика

Тарбағатай ауылдық округінің  жер көлемі  184313га құрайды, оның ішінде елді мекен аумағы – 10907 га, ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлер -113590,8га.

Ауыл тұрғындарының саны 2025 жылдың 01 қаңтары бойынша 1444 адамды құрайды.

Мемлекет тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (АСП) 6 отбасы 37 адамға 2 269 214 тенге қаражат алды.

Еңбек биржасы арқылы 53 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде уақытша жұмысқа 47 адам, тұрақты жұмысқа 4 адам орналасты.

2024 жылы мемлекеттік «Күміс жас» бағдарламасына 14 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 19 адам, әлеуметтік жұмыскер ретінде шаруа қожалықтарына 4 адам, Жастар практикасымен 1 адам тіркелді.

Тарбағатай ауылында мемлекеттік мекемелер, атап айтқанда әкімшілік, орта мектеп, Малтүгел шағын комплектілі бастауыш мектебі, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, полиция бөлімшесі, малдәрігерлік пункты,  кітапхана,  мемлекеттік емес әртүрлі нысандар халыққа қызмет көрсету орталығы, казпошта, электр желісі, телемұнара ауыл халқына қызмет жасайды.

Әлеуметтік нысандардан дәріхана, дөнгелек жөндеу цехы, 5  дүкен, 1 наубайхана, ауыл мешіті  жұмыс жасап тұр. 

Тарбағатай ауылдық округі бойынша 1 дәрігерлік амбулатория  бар,онда 1 дәрігер , 5 медбике, 1 акушерка, 1 жүргізуші, 1 тазалықшы, 1 от жағушы және 2 елді мекенде 2 фельдшер бар. Биыл 2025 жылы тегін дәріге ауылға бөлінген қаражат 700 мың теңгені құрайды. Жыл сайын ауданнан жылжымалы ем көрсету машинасы келіп ауыл тұрғындарының денсаулығын тексеріп отырады. 2024 жылы 8 бала дүниеге келіп, кайтыс болғандар саны 7 адамды құрады.

 Тарбағатай ауылдық округінде  1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. Осы мектептерде  43 мұғалім, 37 жұмысшы, оның ішінде 8 маусымдық, шағын орталықта 7 адам жиыны орта мектепте 95адам, 3 мұғалім, 2 жұмысшы Малтүгел бастауыш мектебінде жұмыс істейді. 2023-2024 оқу жылында 10 оқушы 11 сыныпты бітірді. Барлық 10 бала ҰБТ тапсырды. Осы мектеп бітірушілерден оқу орнына түскендер- 10 бала, оның ішінде ЖОО-на 8 бала, (6 грантқа, 2 ақылы) бөлімде, 2 бала колледжге (2 грантқа) бөлімде  оқиды.

  Биылғы 2024-2025 оқу жылында 1-11 сыныпта оқуға қамтылып отырған оқушы саны -243. Мектеп алды даярлықта -17 бала, барлығы 0-11 сыныптарда 268 бала. Шағын орталықта – 48 тәрбиеленуші бар.

Мектепте асхана, буфет жұмыс істейді. Күнделікті 2024 жылдың қыркүйегінен 73 бала бастауыш сыныптан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Округ бойынша 138 шаруа қожалығы бар, олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы.

Тарбағатай ауылдық округі бойынша мал бастары туралы ақпарат:

Мал түрлері

01.01.2024ж

/бас/

01.01.2025ж

/бас/

 

%

Ірі қара барлығы

5380

7344

136

оның ішінде аналығы

2851

3402

119

Қой барлығы

11748

19242

163

оның ішінде аналығы

11085

10815

97.5

Ешкі барлығы

4071

4179

102

оның ішінде аналығы

2228

2333

104

Жылқы барлығы

7419

7873

106

оның ішінде аналығы

3814

4243

111

Түйе

13

16

123

О.і.інген

8

8

100

Құстар барлығы

3000

2600

86.6

Оның ішінде тауық

1200

1240

103

 Өндірілген мал өнімдері:

Өнім түрлері

/ц ,мың дана/

01.01.2024ж

 

01.01.2025ж

 

%

Ет

24450

25649,6

104,0

Сүт

52250

52250

100,0

Жұмыртқа

272

270

100,6

 Алынған төлдер:

Мал түрі

2023 ж

2024 ж

%

Бұзау

3820

4438

85,6

қозы

11979

12038

100

лақ

2424

2420

102

құлын

3174

3932

98,2

Бота

3

3

100

ИНВЕСТИЦИЯ тарту бойынша:

 2024 жылы 318 млн 183 мың 200 теңге инвестиция тартылды , оның ішінде:

Несие - 208 375 200 теңге:

 Аягөз несие серіктестігінен 1 адам  21млн теңге ,

Семей АКК – 1 шаруа қожалығы 15 млн 840 мың теңге

Ауыл шаруашылығы  техникасын 3 шаруа қожалығы 3 трактор, 7 өзге де техника 43 млн 268 мың теңгеге алынды.

Еңбек мобилдігі орталығы арқылы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 2 адам қайтарымсыз грант 2 млн 953 мың 600 теңге алды. 

 «Қайтарымсыз қаржы» (субсидия) бойынша 2024 жылы – 45 өтінім беріліп, 30 млн 500 мың теңгенің қайтарымсыз қаражаты алынды.

Барлық тартылған қаржы – 318 183 200 теңге

Несие алу бойынша 418 бас ірі қара, 33 бас жылқы сатып алынған.

Өз қаржысына 106 бас ірі қара, 129 бас жылқы сатып алынған.

Аягөз ауданы әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес Тарбағатай ауылдық округіне 131,8 млн тенге ауылшаруашылық саласы бойынша инвестиция тарту көзделген болатын. 2024 жылы ауылшаруашылық саласы бойынша тартылған инвестиция көлемі 318 183 200 теңгені құрады, бұл жоспар бойынша бекітілген инвестиция көлемінен артық орындалып, 241% құрады.

 Салық түрлерінің түсімдерінің орындалуы:

Тарбағатай ауылы бойынша 2024 жылы түскен салықтар:

1.Табыс салығы – 513 933,9 тенге

2.Мүлік салығы – 108074,1 тенге

3.Жер салығы –  33 888,8 тенге

4.Көлік салығы -  3 571 129 тенге

5.Бірыңғай жер салығы – 1 025 593,7 тенге

6.Жер учаскесін пайланудан түскен пайда – 80 269,3 тенге

Жиыны: 5 332 888,8 тенге

Жалпы 2024 жылы жоспар бойынша түсетін салық көлемі 6 861 000 тенге болатын. Орындалғаны 5 332 888,8 тенге, 77,7 % орындалды.

 

 

Документы
Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет
10 апреля 2025
2025 жылғы 1 қаңтарға ОБ-дан бөлінген нысаналы трансферттерді игеру туралы талдамалық жазба
Бюджет
10 апреля 2025
Аягөз ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті
Баспасөз-хабарлама
12 декабря 2024
Аягөз ауданы бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі халықтын көші-қоны
Новости
Полезные материалы
Аягөз ауданы бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі халықтын көші-қоны
Экономика
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы