
Ауылдағы мәдени және спорттық іс-шаралар жыл басында жоспарланып өткізіліп отырады. Тарбағатай ауылында Мәдениет үйі бар, ішінде кітапхана орналасқан, кітап қоры -18 034.
Тарбағатай ауылында стрит воркаут, шағын футбол алаңы нысандары бар. Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі спорт залында спорттың 5 түрінен (күрес, қазақ күресі, футбол, волейбол, баскетбол) жаттығу жасайды.
2024 жылы өткізілген іс-шаралар:
12 қаңтар күні Тарбағатай ауылдық кітапханасында «Отаным менің Қазақстаным» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты : Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен , сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, рухани өміріндегі өзгерістермен таныстыру.
18 қаңтар күні Тарбағатай ауылдық кітапханасында «Туған жерге тағзым » Аягоз ауданының құрылғанына 95 жыл толуына арнаған бейнешолу ұйымдастырылды.
2024 жылы 22 наурыз күні Тарбағатай ауылында наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізілді . "Ата дәстүр асыл қазына" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
28 сәуір 2024 жылы Тарбағатай ауылында 1 мамыр мерекесіне арналған іс-шара өтті.
5 мамыр 2024 жылы Тарбағатай ауылдық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне арналған "Ұранды ердің-ұрпағы қайсар" тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.
1 маусым 2024 жылы Тарбағатай ауылдық мәдениет үйінде 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған « Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілік өтті.
4 маусым күні Тарбағатай ауылында Рәміздер күніне арналған Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы атты іс- шара өтті. Мектеп оқушылыры және мұғалімдер қатысты .Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.
10 қазан 2024 жыл Тарбағатай ауылында Мұхамед Пайғамбарымыздың туған күні, «Мәуліт» мерекесі аталып өтті.