
Өркен ауылдық округі бойынша 40 шаруақожалық тіркелген. Оның ішінде 20 қожалық өз қыстақтарында малдарын бағуда. Өркен ауылында шаруа қожалықтар өз өздерін шөппен қамтамасыз етіп отыр. Қожалықтар өздеріне қажетті техникалармен жабдықталған. Ауылымызда 5856 ірі қара малы, 13808 ұсақ мүйізді малы, 3076 жылқы малы тіркелген.
Ауылшаруашылығын дамыту мақсатында ауылымызда 2024 жылы 4 отбасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен несие алған болатын. 2 отбасы ұсақ мүйізді малды өсіру мақсатында алса, 2 семья ірі қара малын өсіру мақсатында несие алды. Ауылымыздың ветеринария бөлімінде 1 вет.меңгеруші, 2 мал дәрігері мен 1 вет.санитары жұмыс атқаруда. Өркен ауылдық округі Шұбартау өңірі бойынша мал саны көп ауылдар қатарына жатады.