Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік қызметтер

2024 жылы Аягөз ауданының жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға барлығы 67208  (жеке тұлғаларға – 65995, заңды тұлғаларға 1261) мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

  • Тікелей мемлекеттік орган арқылы – 102 (0,1%) қызмет;
  • ХҚКО немесе «Электронды үкімет порталы» арқылы көрсетуге болатын – 575 (0,8%) қызмет;
  • ХҚКО арқылы - 994 (1,4%) қызмет;
  • Электронды түрде - 65537 (97,5%) қызмет;
  • «Электронды үкімет порталы» арқылы - 60088 (89,4%) қызмет;
  • «Е-лицензирование» АЖ арқылы - 3220 (4,7%) қызмет;
  • Ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) www.egov.kz, www.elicense.kz), арқылы – 760 (1,1%) қызмет;
  • Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) www.egov.kz, www.elicense.kz), арқылы – 1469 (2,1%) қызмет.

2024 жылы барлығы уәжді 768 бас тарту тіркелген.

Электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілген қызметтер үлесі

97,5% құрады.

2024 жылы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қолжетімділігін арттыру мақсатында Аягөз ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфир форматында 12 ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аудан, қала, кент және ауылдық округ әкімдіктерінің ресми сайттарында, сондай-ақ Аягөз ауданы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 20 хабарлама мен бейнероликтер жарияланды.

Халықты түсіндіру шараларымен қамту барлығы 29079 адамды құрады.

2024 жылы Аягөз ауданы әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Қызмет алушылар күні» өткізілді.

Іс-шара аясында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар азаматтарды қабылдап, қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, кеңес беріп, туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсетті. Барлығы 19 қызмет алушы қабылданды.

Салалар бойынша:

    Жер қатынастары – 2 адам,

    Тұрғын үй мәселесі – 10 адам,

    Жұмыссыздық және әлеуметтік бағдарламалар – 3 адам,

    Экономика – 4 адам.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа мемлекеттік және басқа да қызметтерді алу мәселелерін түсіндіру және көмек көрсету.                        Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген  қағиданың 41 тармағына сәйкес, Аягөз ауданы әкімі аппарат басшысының 2024 жылғы  26 тамыздағы № 36 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау  іс-шаралырының 2024 жылға арналған жоспарына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы негізінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін 6 мемлекеттік мекемеде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.                                                             1. «Мамырсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, наурыз айы

  1. «Тарбағатай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, сәуір айы
  2. «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, мамыр айы
  3. «Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, қыркүйек айы
  4. «Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, қазан айы
  5. «Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, қараша айы                            Осы іс шаралардың қорытындысына сәйкес 14 мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңдылықтарды бұзу фактілері орын алған. Осының ішінде:

1 - мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету фактісі.

13 - мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері.

Ішкі бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша 23 бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жолданған. Барлық ұсынымдар орындалды.

         2024 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы пайдаланушылар үлесін арттыру үшін ауданда 15 электрондық қызмет орталығы жұмыс істейді, онда электрондық қызметтерді алу және ЭЦҚ алуға өтінімді рәсімдеу үшін консультациялар жүргізіледі. 15 электрондық қызмет орталықтары және 3 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы  барлығы 78795 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда.

Документы
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік қызметтер
Медиагалерея
2
«Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі» ұлттық стандарты
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы