Меню

Страницы

Статья

Аягөз ауданының 2024 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қолданыстағы бағамен 977 433,7 млн.теңгені құрады                             (2023 ж – 700729,3 млн.теңге), өсу қарқыны 139,4%, нақты көлемінің индексі 101,1 %.

         Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 29106,4 млн.теңге, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  өсу қарқыны 108,9% (2023 ж – 26704,5 млн.теңге) құрады. Нақты көлем индексі 101,6%.

         Негізгі капиталға салынған инвестициялар  қаңтар-желтоқсанда                          150 069,5  млн.теңге құрады, 2023 жылға қарағанда 131,2% (2023 ж – 114375,0  млн.теңге). Нақты көлемінің индексі 128,8%.

         Құрылыс жұмыстарының көлемі  66808,7 млн.теңге құрап  2023 жылдың сәйкес кезеңіне 146,4% (2023 ж - 45628,2 млн.теңге). Нақты көлемінің индексі 141,9%.

         Ауданда қаңтар-желтоқсан айларында 24010 шаршы метр тұрғын үй  айналымға енгізілді, 2023  жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 146,1% (2023 ж – 16435 шаршы метр).

 Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 39790,0,  млн.теңге, өсу қарқыны 127,2%  құрады (2023 ж – 31273,6 млн. теңге), нақты көлем индексі 120,6%.

Көтерме сауда көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында                    42107,9  млн.теңге құрады, өсу қарқыны  121,1% құрады  (2023 ж – 34767,5 млн. теңге), нақты көлем индексі 124,9%.

Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 5541 бірлік құрамақ немесе  97,0%  құрады (2023 ж – 5709 бірлік).

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларында  жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарға жұмыссыздық бойынша жүгінгендер 3 893 адам құрады, немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 129,7% (2023 ж – 3 000 адам).

Есепте тұрған жұмыссыздардың саны 1718 адам, былтырғы жылдың  сәйкес кезеңінен 140,1% (2023 ж – 1226 адам).

Құрылған жаңа жұмыс орындары өткен жылға қарағанда 156  орынға артып,   2439 орынды құрады немесе 106,8%  (2023 ж -  2283 орын).

Жыл басынан бері 1763 адам жұмысқа орналастырылды немесе                        2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 132,8% (2023 ж - 1327 адам) құрады.

Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны 651 адам, 2023 жылдың сәйкес кезеңінен  167 адамға артып өсу қарқыны  134,5% ( 2023 ж – 484 адам) құрады.

Ауданның денсаулық сақтау мекемесінің мәліметтеріне сәйкес                          2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында туберкулезбен алғаш рет ауырғандардың саны 11 адам, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 73,3% құрады (2023 ж – 15 адам).

Дүниеге келген сәбилер саны 1138, 2023 жылғы сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны  92,8% (2023 ж - 1226 сәби) құрады.

Қайтыс болғандар саны 454 адам, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 101,6% (2023 ж – 447 адам) құрады. Оның ішінде сәбилер өлімі 10, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 12 өлім тіркелген немесе 83,3%.  

        Жалпы қылмыстардың ашылу деңгейі 61,2%, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 64,2% құрады. 

         Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жергілікті  бюджеттің түсімдері 16497,8 млн.теңге құрады, өсу қарқыны 106,2%  (2023 ж – 15531,0 млн.теңге).

Дата публикации
23 октября 2024
Дата обновления
27 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
11 декабря 2024
Аягөз ауданы бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі халықтын көші-қоны
Бағыттар
11 декабря 2024
Жер қатынастары
Бағыттар
23 октября 2024
Білім

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы