GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер
18 июля 2025
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады.

Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.

Мемлекеттік қызметтер
01 июня 2025
073/е нысанындағы анықтаманы енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады

Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.

073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.

Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау керек;
  • «№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау қажет;
  • өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

Мемлекеттік қызметтер
01 июня 2025
Қамқоршылық тағайындау қызметі eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды

Енді eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу қызметі қолжетімді. Жаңа қызмет өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжат айналымын жояды және жалған мәліметтерді ұсыну қаупін азайтады. Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.

Кәмелетке толған азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы сот шешімімен жүзеге асырылады. Осы шешім негізінде болашақ қорғаншы немесе қамқоршы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қамқоршылық белгілеу туралы өтініш бере алады.

Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Отбасы» – «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөліміне өту қажет;
  • «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу керек;
  • өтініш берілетін адамның ЖСН-ін енгізу қажет;
  • өтініш берушінің байланыс нөмірі мен электрондық поштасын көрсетіп, «Келесі» батырмасын басу керек;
  • өтініш берушімен бірге тұратын қамқорлыққа алынатын адамның мекенжайын таңдау қажет;
  • көрсетілген мекенжай бойынша тіркелген немесе бірге тұратын тұлғаларды қосу керек;
  • өтінішке қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою қажет;
  • қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтер алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «Қызметтер» – «Жеңілдіктер, жәрдемақы, зейнетақы» бөліміне өту қажет;
  • «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» қызметін таңдап, қажетті өрістерді толтыру керек;
  • тұрғылықты мекенжайды енгізіп, бірге тұратын тұлғаларды көрсету қажет (міндетті емес);
  • өтінішті Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтініш бергеннен кейін, пайдаланушының Жеке кабинетіне тиісті бұйрық немесе дәлелді бас тарту жөнелтіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні.

Сонымен қатар, өтінішті қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті құжаттарды тапсыру арқылы да беруге болады.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысы аясында іске асырылды.

Мемлекеттік қызметтер
01 июня 2025
Қорғаншылар мен қамқоршылар eGov.kz порталы арқылы өздерінің қамқорлығындағы азаматтардың мүлкіне билік етуге және әлеуметтік төлемдерге рұқсат ала алады

eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршыларға қамқорлығындағы адамдардың мүлкіне және әлеуметтік төлемдеріне билік етуге рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа көрсетілетін қызмет іске қосылды. Көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін ұсынылады және қорғаншылардың мүлкіне билік етуге ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

- eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «Отбасыларға көмек» бөліміне өтіңіз;

- «Мүлікке билік етуге рұқсат беру, зейнетақыны, жәрдемақыны, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның есебінен алынған әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» қызметін таңдап, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз;

- қажетті өрістерді толтырыңыз;

- Тапсырма түрлерінің бірін таңдап, қажетті алаңдарды толтырыңыз;

- өтінішке қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз.

Өтінімді қарау нәтижесінде өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде бұйрық немесе уәжді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қызметтер
01 июня 2025
Кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифрлық құжат eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.

Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.

Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.

Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;
  • «Отбасы» санатынан қамқоршылық немесе қорғаншылық туралы мәліметтермен танысу;
  • егер құжат көрсетілмесе – «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.

Мәдениет және спорт
08 апреля 2025
«Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ конкурс жариялайды

Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекен-жайы: 070200, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 12,  тел. 8/72237/30345.

Мемлекеттік мекеменің негiзгi қызметi: мәдени-бұқаралық, мерекелерді, ойын-сауық танымдық, демалыс кештерін өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану, кітапхана ісі) және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-демалыс жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуі тиіс: Конституцияны, Бюджет кодексін; Еңбек кодексін;  Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын.

Лауазымдық міндеттері: Мәдениет үйінің әкімшілік-шаруашылық және экономикалық қызметін, жалпы басшылығын жүзеге асырады; Халықтың арасында мәдени-ағартушылық және бос уақытты ұйымдастырудың  негізгі бағыттарының қызметін әзірлейді және оның орындалуын бақылайды; Мәдениет үйінің шығармашылық-өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің  жоспарларын  құрастырады; Мәдени - демалыс ұйымдарының жұмысын, барлық қызметкерлердің қызметін ұйымдастырады, атап айтқанда: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары; шығармашылық, әдістемелік, мәдени - ағартушылық жұмыстарын жүзеге асыру; байқаулар мен фестивальдар, көркемөнерпаздар халық шығармашылығын дайындауды және өткізуді; көркемөнерпаздар басшылар семинарлары, көрмелер және шығармашылық қызметтің басқа да нысандарын қамтамасыз етеді; көпшілікке театрландырылған мерекелер мен көріністер, халық серуендері, жергілікті әдет-ғұрыптарымен сәйкес салт-дәстүрлерлер; халықтың әр түрлі топтарының бос уақытын ұйымдастыру, оның ішінде демалу және би кештерін өткізу, дискотека, карнавалдарды, балалар мерекелерін, ойын және мәдени ойын-сауық бағдарламаларын өткізу; халықтың  сұраныстары  мен қажеттіліктерін  ескере отырып, әлеуметтік-мәдени сипаттағы ақылы қызметтер ұсыну; көшпелі іс-шаралар мен гастрольдер өткізу үшін сахна алаңдарын ұсыну, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру үшін концерттік ұйымдар; өзіндік шығармашылық ұжыммен, сондай-ақ шақырылған орындаушылардың күшімен спектаклдер өткізу, концерттер, театр, ойын-сауық және көрме іс-шаралары; кинофильмдер және видеопрограммалар  көрсету  т. б.; тақырыптық кештер, шығармашылық кездесулер жүргізу; көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады; Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына, «Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-не  есеп  беруді  дайындау  және   есеп  беру   жұмыстарын  қамтамасыз  ету. Мәдениет үйін білікті кадрлармен қамтамасыз етеді, атап айтқанда: шығармашылық және техникалық персоналмен еңбек шарттарын (келісім-шарттар) жасайды; қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамасын ынталандырады; ұйым қызметкерлерімен өндірістік және еңбек тәртібінің талаптарын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды; мәдениет үйі қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолдану туралы, көтермелеу шараларын ұсыну бойынша шешімдер қабылдайды; Мемлекеттік мекемеге  тиесілі   мүліктің тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету. Өзіне ұсынылған өкілеттіктері шегінде Мәдениет үйі қызметінің қаржылық және материалдық мәселелерін шешеді, атап айтқанда: мекемені қажетті технологиялық, инженерлік жабдықтармен, құрал-саймандармен, материалдармен және оларды пайдалануына бақылау жүргізеді және жарақтандыруды қамтамасыз етеді; мәдениет  үйлері мен  жабдықтарын, үй – жайларын  ғимараттарды, құрылыстарды күрделі және ағымдағы  жөндеуді  уақытында ұйымдастырады; әр түрлі азаматтық-құқықтық шарттар үшін қажетті шарттарын белгілейді және жасайды,  Мәдениет үйінің  қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мәдениет үйіне келушілерге және клиенттерге қызметтерді көрсетумен байланысты, соның ішінде шағымдар мен талаптарды қарастырады, көрсетілген қызмет сапасымен байланысты барлық мәселелерді шешеді. Жеке және заңды тұлғалардың жеке мәселелері бойынша  қабылдауды жүзеге асырады.

Комиссия белгілеген мерзімде конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат:

  1. конкурсқа қатысуға байланысты өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;
  3. еркін нысанада жазылған мінездеме;
  4. білім бойынша құжат көшірмесі;
  5. еңбек кітапшасы немес еңбек шарты, бұрынғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданған, босатылған бұйрық көшірмесі
  6. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң мына мекенжай бойынша аяқталады: 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 12 үй  (2 қабат), 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8/72237/30345.

Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар Аягөз ауданы, Абай бульвары, 12 мекенжайы бойынша  Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі сұхбаттасудан өтеді.

 

«Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат,

 мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Мемлекеттік қызметтер
27 марта 2025
Бірыңғай байланыс орталығында рекорд: бір күнде 120 мың өтініш өңделді

2024 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы КЕ АҚ-ның Бірыңғай байланыс орталығы 27 миллионнан астам өтініш өңдеді. Күн сайын Бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөміріне келіп түскен қоңырауларды, Telegram-дағы EgovKzBot 2.0 чат-боты мен support@goscorp.kz электронды поштасына жолданған хабарламаларды, сондай-ақ «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жүргізілген бейнеқоңырауларды қоса алғанда 30 мыңнан 90 мыңға дейін өтініштерді қабылдайды. Жуырда орталықтың 2011 жылдан бастап жұмыс істеген барлық кезеңінен бері ең жоғары көрсеткіш тіркелді – бір күнде 120 мың өтініш қабылданды. 

Ең көп қойылатын сұрақтар – ЭЦҚ беру және кері қайтарып алу, салық пен есептік көрсеткіштердің сомасын анықтау, ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру. 

«Бірыңғай байланыс орталығы өз қызметін бастаған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде негізгі буынға айналды. 2024 жылы Бырыңғай байланыс орталығына 27,1 миллион өтініш келіп түсті, ал қызмет алушылардың консультациялық көмек сапасына қанағаттану деңгейі 96,8 пайызға жетті. Біз Бірыңғай байланыс орталығының жұмыс процестерін жетілдіруді жалғастырып, мемлекеттік қызметтерді алу ісін одан әрі жеңіл әрі қолжетімді ететін боламыз» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

2024 жылы Бірыңғай байланыс орталығы ЭЦҚ бойынша 1 023 354 өтініш, төлқұжаттарды беру бойынша 367 428 өтініш, жеке куәліктерді беру – 228 693, cалық төлеушілерді тіркеу бойынша 114 082 өтініш, бала туғанға жәрдемақы тағайындау бойынша 81 902 өтініш, бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерге 67 979 өтініш, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы бойынша 64 544 өтінішке жауап берді. 

Еске салайық, Бірыңғай байланыс орталығы 1381 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Қазақстан азаматтары үшін кез келген байланыс операторы арқылы барлық өтініштер тегін қабылданады.

Мемлекеттік қызметтер
11 декабря 2024
Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп МҚК ААЖ мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»(СЖТ), «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» және «Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» хабарлайды.

Пилоттық жоба еліміздің 89 қаласында, оның ішінде облыс орталығы Семей қаласында, сондай-ақ облыстың Курчатов, Аягөз, Шар (Жарма ауданы) қалаларында іске қосылды. 

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді «Мемқалакадастры» порталынан алуға болады, порталға сілтеме https://gov.ggk.kz/.

Мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулықтар https://oldgov.ggk.kz/base/help.

Мемлекеттік қызметтер
28 ноября 2024
Балалар мен қабілеті шектеулі азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдарды емханаға тіркей алады

Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді.

Бұрын бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері балаларын емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Процедура өтініш берушінің жеке қатысуын ғана емес, сонымен бірге қамқоршылықты немесе қорғаншылықты растайтын сот шешімін немесе басқа құжатты ұсынуды талап ететін.

Жаңартылған мемлекеттік қызмет көмегімен қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және балаға немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқорлық жасап, білім беру, тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды емханаға өтініш бере алады.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:

- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Емханаға тіркелу» қызметін таңдау қажет;

- өтініш берушінің санатын: «Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)» немесе «Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)» таңдау керек;

- аймақ пен ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, сонымен қатар көрсетілетін мекенжай мен байланыс телефон нөмірін толтыру қажет;

- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ/QRCode немесе sms-растау арқылы өтінімге қол қою керек.

Қызметтің нәтижесімен пайдаланушы өтінімді тікелей медициналық ұйымның қарауынан кейін Жеке кабинетінде таныса алады.

Қызметті тек тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ғана емес, сонымен қатар жылына бір реттен жиі емес бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйымды ауыстырғыңыз келсе де пайдалануға болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін өтетін тіркеу науқанының аясында медициналық ұйымды ауыстыруға болады. Тіркеу науқанының нәтижелері бойынша пациент келесі жылдың басынан бастап қызмет ала алады.

Мемлекеттік қызметтер
28 ноября 2024
eGov.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер жаңартылды

Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қаражатын алу үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында «кедергісіз орта» құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді ресімдеу үшін кезекте тұрған. Жаңартылған қызмет уақыт шығындарын едәуір азайта отырып, қажетті құжаттарды онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді.

Енді қамқоршыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн-өтінімдерді ресімдеу қолжетімді:

- мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;

- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану;

- мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;

- мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

- мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

- есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін пайдалану (жылына алпыс сағат);

- үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу;

-медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу.

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін:

- eGov.kz порталында авторизациядан өту және «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміне өту қажет;

- бұдан әрі «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөлімінде ұсынылған тізбеден қажетті көрсетілетін қызметті таңдау керек;

- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.

Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламмен Жеке кабинетте танысуға болады («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде).

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы