
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қолданыстағы бағамен 977 433,7 млн.теңгені құрады (2023 ж – 700729,3 млн.теңге), өсу қарқыны 139,4%, нақты көлемінің индексі 101,1 %.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 29106,4 млн.теңге, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 108,9% (2023 ж – 26704,5 млн.теңге) құрады. Нақты көлем индексі 101,6%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар қаңтар-желтоқсанда 150 069,5 млн.теңге құрады, 2023 жылға қарағанда 131,2% (2023 ж – 114375,0 млн.теңге). Нақты көлемінің индексі 128,8%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 66808,7 млн.теңге құрап 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 146,4% (2023 ж - 45628,2 млн.теңге). Нақты көлемінің индексі 141,9%.
Ауданда қаңтар-желтоқсан айларында 24010 шаршы метр тұрғын үй айналымға енгізілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 146,1% (2023 ж – 16435 шаршы метр).
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 39790,0, млн.теңге, өсу қарқыны 127,2% құрады (2023 ж – 31273,6 млн. теңге), нақты көлем индексі 120,6%.
Көтерме сауда көлемі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 42107,9 млн.теңге құрады, өсу қарқыны 121,1% құрады (2023 ж – 34767,5 млн. теңге), нақты көлем индексі 124,9%.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 5541 бірлік құрамақ немесе 97,0% құрады (2023 ж – 5709 бірлік).
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарға жұмыссыздық бойынша жүгінгендер 3 893 адам құрады, немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 129,7% (2023 ж – 3 000 адам).
Есепте тұрған жұмыссыздардың саны 1718 адам, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 140,1% (2023 ж – 1226 адам).
Құрылған жаңа жұмыс орындары өткен жылға қарағанда 156 орынға артып, 2439 орынды құрады немесе 106,8% (2023 ж - 2283 орын).
Жыл басынан бері 1763 адам жұмысқа орналастырылды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 132,8% (2023 ж - 1327 адам) құрады.
Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны 651 адам, 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 167 адамға артып өсу қарқыны 134,5% ( 2023 ж – 484 адам) құрады.
Ауданның денсаулық сақтау мекемесінің мәліметтеріне сәйкес 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында туберкулезбен алғаш рет ауырғандардың саны 11 адам, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 73,3% құрады (2023 ж – 15 адам).
Дүниеге келген сәбилер саны 1138, 2023 жылғы сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 92,8% (2023 ж - 1226 сәби) құрады.
Қайтыс болғандар саны 454 адам, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 101,6% (2023 ж – 447 адам) құрады. Оның ішінде сәбилер өлімі 10, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 12 өлім тіркелген немесе 83,3%.
Жалпы қылмыстардың ашылу деңгейі 61,2%, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 64,2% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жергілікті бюджеттің түсімдері 16497,8 млн.теңге құрады, өсу қарқыны 106,2% (2023 ж – 15531,0 млн.теңге).