
2024 жылы Баршатас ауылдық округі әкімшілігінің жеке және заңды тұлғаларға барлығы 10 (жеке тұлғаларға – 4, заңды тұлғаларға 6) мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Оның ішінде:
5 хабарлама жарияланды.
2024 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы пайдаланушылар үлесін арттыру үшін ауданда Баршатас ауыл әкімшілігінде Egov электрондық қызмет орталығы жұмыс істейді, онда электрондық қызметтерді алу және ЭЦҚ, тұрғын үйге тіркеуге отыру, түрлі анықтамалар алуға өтінімді рәсімдеу үшін консультациялар жүргізіледі. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 5895 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Ауыл тұрғындары арасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.